Қауіпсіздік Нұсқаулары; Қазақша - Bosch GLL 2-50 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GLL 2-50 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
OBJ_BUCH-817-007.book Page 118 Monday, July 4, 2016 6:35 PM
118 | Қaзақша
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы
бетінде және өнім корпусында көрсетілген.Импорттаушы
контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте
жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
ұсынылады
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өлшеу құралын қауіпсіз және сенімді
пайдалану үшін барлық нұсқауларды
мұқият оқып, жұмыс барысында
ескеріңіз. Өлшеу құралын осы
нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу
құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына
жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескерту-
1 609 92A 27R | (4.7.16)
лерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ
ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
 Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану
немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пай-
даланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл
қаупті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
 Өлшеу құралы ескерту тақтасымен жабдықталған
(өлшеу құралының суретінде графика бетінде 10 нө-
мірімен белгіленген).
 Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде болма-
са, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің
еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстрыңыз.
Лазер сәулесін адам немесе жануар-
ларға бағыттамаңыз және өзіңіз де
тікелей немесе шағылған лазер сәу-
лесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиға-
ларға алып келуі және көзді зақымдауы
мүмкін.
 Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
басты сәуледен ары қарату керек.
 Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуды
орындамаңыз.
 Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
 Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
 Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайда-
ланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағы-
лыстыру мүмкін.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын кардиостимулятор
жанына қоймаңыз. Өлшеу құралының
ішіндегі магнит арқылы кардиостимулятор
жұмысына әсер ететін өріс жасалады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido