Kaz Пайдалану Бойынша Нұсқаулық; Тазалау Және Күту; Техникалық Сипаттамалары - Marta MT-1784 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
 Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында көрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
 Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
 Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
 Желілік бау өткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
 Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
 Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
 Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
 Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
 Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
 Тазалар алдында, немесе Сіз егер оны қолданбасаңыз, аспапты электр желісінен ылғи өшіріп отырыңыз.
 Аспап тегіс құрғақ бетте орналасуы тиіс.
 Аспапты ыстық газ немесе электр плитаға салмаңыз, оны жылу көздерінің жанына орналастырмаңыз.
 Электр тоғы соғуы және жану қаупінің алдын алу үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл орын алса, дереу оны электр
желісінен ажыратып, тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
 Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырманы алып тастаңыз.
 Аспаптың барлық құрамдастары барын және зақым жоқтығын тексеріңіз.
 Барлық құрамдасты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазалаңыз.
 Барлық бөлшекті құрғатып сүртіңіз және аспап жұмысқа дайын болатындай орнатыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
 Тазалар алдында аспапты электр желісінен өшіріңіз.
 Аспапты толық суытыңыз.
 Қажет болса, аспап корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
 Тазалау үшін абразивті құралдар, органикалық еріткіштермен агрессивті сұйықтықтар қолданбаңыз.
 Аспапты құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қоректену
220-240 В, 50 Гц
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҮЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН БАСҚАЛАР)
ТАРАЛМАЙДЫ.
Қуаты
Нетто / брутто салмағы
550 Вт
3,6 кг / 4,4 кг
Қорап өлшемдері (Ұ х Е х Б)
364 мм x 250 мм x 292 мм
24

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido