ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Портативті қуат беру блогының
жалпы қауіпсіздік ескертулері
Құралды немесе машинаны пайдаланудан
1.
бұрын, оның пайдалану нұсқаулығын оқып
шыққаныңызға көз жеткізіңіз.
2.
Бұл блокты сымынан ұстау арқылы
көтермеңіз немесе тасымаңыз. Блокты
пайдалану немесе кию барысында оны
сымынан тартпаңыз.
3.
Жабдықты тағу немесе шешудің алдында
құралдан немесе машинадан бастиекті
алыңыз.
4.
Құралды немесе машинаны қалдыру
кезінде оның адаптерлерінің алынғанына
көз жеткізіңіз немесе блокты арқаңыздан
шешіңіз.
5.
Жұмыс істегенде блоктың сымына
шалынудан сақ болыңыз.
6.
Блокты тегіс емес бетте немесе тұрақсыз,
биік жерлерде пайдаланбаңыз.
7.
Бір блокты басқа блокқа қосу арқылы
бірнешеуін пайдаланбаңыз.
8.
Жұмыс істеу кезінде сымды кедергілерден
алшақ ұстаңыз. Сым кедергілерге ілінсе,
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Адаптерлерді зарядтау құрылғыларына
9.
енгізбеңіз.
10. Адаптерлерді блоктың аккумулятор
порттарына орнатпаңыз.
11.
Бұл блок тек 18 В аккумуляторды
пайдалануға арналған. 18 В
аккумуляторлардан басқа аккумуляторды
пайдаланбаңыз.
12. Пайдаланудан бұрын, құрылғыны,
сымдарды және аспа белдікті тексеріңіз.
Егер олар зақымдалған болса, Makita
компаниясының жергілікті өкілетті қызмет
көрсету орталығынан жөндеп беруін
сұраңыз.
13. Сымды сым ұстағышқа ақырын және берік
бекіткеніңізге көз жеткізіңіз.
14. Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізуден бұрын, әрдайым
құралдың немесе машинаның өшірулі
екендігіне және адаптерлердің алынғанына
көз жеткізіңіз.
15. Блокты жүзбен жабдықталған құралмен
пайдаланған кезде, сымды жүзден алшақ
ұстағаныңызға көз жеткізіңіз.
16. Блокты киген кезде, блоктың төтенше
жағдайда ажырату функциясына кедергі
келтіруі ықтимал қауіпсіздік белбеуі немесе
иықбау сияқты ешқандай керек-жарақты
пайдаланбаңыз.
17. Ағашқа өрмелегенде блокты
пайдаланбаңыз.
18. Электржелдеткіші бар күртені немесе
аккумуляторлы жылытатын күртені киген
кезде блокты пайдаланбаңыз.
19. Блокты ұшқындардан сақтаңыз.
20. Блокты кимей пайдаланған кезде оны
бетімен орналастырыңыз.
21. Қақпағының ішіне су кіруіне жол бермеңіз.
22. Блокты бөлшектемеңіз, жөндемеңіз немесе
өзгертпеңіз.
23. Құралға немесе машинаға аспа белдіктің
немесе белдіктің оралып қалмауын
қадағалаңыз.
24. Құрылғыны пайдаланған кезде, құралдың
немесе машинаның сымдарды кесіп
кетпеуін қадағалаңыз.
25. Металл жоңқалары немесе су сияқты бөгде
заттарды блоктың ашасынан алыс ұстаңыз.
26. Құралды немесе машинаны жоғары
кернеулі қуат желілері жанында
пайдаланбаңыз.
27. Аккумулятор корпусын зақымдап алмаңыз
немесе блокқа ештеңе орналастырмаңыз.
28. Блок үстінен баспаңыз немесе оның үстіне
отырмаңыз.
29. Блокты бөлме ішінде сақтаңыз.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
4.
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
5.
бірімен матастырмаңыз:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
(3)
Аккумулятор блогын суға салмаңыз
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
257 ҚАЗАҚША