Делюкс қайта зарядтау датчигі:
Батареяда қалған заряд мөлшерін көрсетеді
- 3-жасыл ЖШД: 75-100%
- 2-жасыл ЖШД: 50-74%
- 1-жасыл ЖШД: 25-49%
- Жыпылықтап тұрған 1-сары ЖШД: 25%-дан аз
Ескертпе: Sonicare құрылғысының батарея заряды
аз болған жағдайда 3 дыбыс сигналы беріледі және
қайта зарядтау датчигіндегі 1-сары түсті ЖШД
30 секунд жанады.
Ескертпе: Батареяны толық зарядта ұстау
үшін, Sonicare құрылғысын қолданбаған кезде
зарядтағышта немесе дезинфекторда сақтауға
кеңес беріледі. Батареяның толық зарядталу
уақыты – 24 сағат.
Sonicare құрылғысын пайдалану
Щеткамен тазалау туралы нұсқаулар
1
Қылшықтарды сулап, тіс пастасының азғана
мөлшерін жағыңыз.
2
Щетка қылшықтарын қызыл иекке
азғантай бұрышпен келетіндей етіп тіске
жақындатыңыз.
3
Sonicare құрылғысын қосу үшін қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
4
Sonicare тиімділігін барынша арттыру үшін,
ақырын басып, Sonicare щеткасының өзіне
тазалатыңыз.
ҚАЗАҚША
79