Қауіпсіздік ережелері
Нұсқаулықпен зейін қойып танысыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау қауіпті, ал кейбір жағдайларда – заңсыз. Анағұрлым толық
ақпаратты Сіз осы Пайдаланушы нұсқаулығынан аласыз
Электр тоғының соғуын, тұтануды немесе жарылуды болдырмау
Түпнұсқалық батареялар мен қуаттандыру құрылғыларын ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыға дымқыл қолыңызды тигізбеңіз.
Жарылу қаупі бар жерлерге (жанармай құю станциялары, жеңіл тұтанатын заттар құйылған сыйымдықтар қоймаланған жерлер)
жақындаған кезде телефонды сөндіріңіз.
Желілік кабелі зақымдалған немесе ажыратқыштары ақаулы қуаттандыру құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
Желілік кабельдің майысуына және қысылып қалуына жол бермеңіз.
Ағып кету, ісіну немесе майысу іздері бар батареяларды пайдалануға тыйым салынады.
Батарея мен қуаттандыру құрылғысын оттан және тікелей күн сәулелерінің түсуінен қорғаңыз.
Құрылғы мен керек-жарақтарды жылытқыштардың және көп мөлшерде жылу шығаратын басқа аспаптардың жанында
орналастырмаңыз.
Құрылғыны қуаттандырмай пайдалануға тыйым салынады.
Найзағай жарқылдаған кезде қуаттандыру құрылғысын желіден ажыратыңыз және телефонды пайдаланыңыз.
Құрылғыны қысқа толқынды пешке салуға тыйым салынады.
Телефонды автокөліктің ішінде қалдырмаңыз, себебі салонның ішіндегі температура 80°С–ге жетуі мүмкін, бұл құрылғының
жарылуына әкеп соғады.
Телефонды өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Мұнымен білікті маман айналысу керек
Телефонды және керек-жарақтарды пайдаланған кездегі сақтық шаралары.
Кардиоынталандырғыш
Телефоннан кардиоынталандырғышқа дейін әрдайым кем дегенде 15 см қашықтықты сақтаңыз. Кардиоынталандырғышқа әсер
ететіндігі байқалған жағдайда телефонды тез арада сөндіріңіз.
Басқа медициналық құрылғылар
Егер Сіз қандай да бір басқа медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, осы құрылғының өндірушісінен құрылғыға RF дабылдарының
қаншалықты әсер ететіндігі туралы сұрап, кеңес алыңыз. Мүмкін, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз осындай ақпаратты алуға көмектесер.
Медициналық мекемелер
Егер осы құрылғыны медициналық мекемелерде пайдалануға тыйым салынса, оны сөндіріңіз. Медициналық мекемелер RF дабылының
әсеріне ұшырауы мүмкін құрылғылармен жабдықталуы мүмкін.
Көлік құралдары
Автокөлікте құрылғыны қауіпсіздік жастықтарының жанында қалдырмаңыз, жастықтар іске қосылған жағдайда ол күрделі
жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін. Құрылғыны көлік құралын басқару кезінде пайдаланбаған жөн, кейбір елдерде бұл тіпті заңсыз. Көлік
құралдарының электрондық жүйелері RF дабылының әсеріне ұшырауы мүмкін. Осы сұрақ бойынша Өзіңіздің көлік құралыңыздың
өндірушісімен немесе оның өкілімен кеңесіңіз.
Авиакөлік
Ұшаққа отыру алдында құрылғыңызды сөндіріңіз. Қосулы телефон борттық жабдықтың жұмысына әсер ететін кедергілер түзуі мүмкін
Құлаққаптар
Даусын қатты шығарып әуен тыңдау есту қабілетіңізді қалпына келмейтіндей етіп зақымдауы мүмкін. Сөйлескен немесе әуенді
тыңдаған кезде дауыс қаттылығының барынша аз жеткілікті деңгейін пайдаланыңыз.
Батареяларға күтім жасау жөніндегі ақпарат
Қуаттандыру алдында батареяны толықтай қуатсыздандыру міндетті емес.
Телефонның өндірушісі ұсынған қуаттандыру құрылғылары мен керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз.
Тыйым салынады: батареяны бөлшектеуге, майыстыруға, деформациялауға, тесуге. Зақымдалған батареяны пайдалану күрделі
жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін.
Батареяның түйсіктерін металлды және тоқ өткізетін заттармен тұйықталудан қорғаңыз.
Батареяны кәдеге жарату жөніндегі жергілікті заңдарға және ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз.
Батареяларды үй жануарлары мен балалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
Құрылғы мен батареяны түсіріп алмаңыз. Егер Сіз құрылғыны қатты беткі қабатқа түсіріп алсаңыз және оның зақымдалғанын
байқасаңыз, мамандандырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.
Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың туындауын әкеп соғуы мүмкін.
.
.
.