Қысымда әзерлеуді бастаудың алдында тостағанда сұйықтық (су немесе сорпа) барына көз жеткізіңіз. Қысымда әзірлеу бу қалыптасу үшін сұйықтықты
талап етеді.
Аспап қысымда жұмыс істеген кезде ауа немесе бу қақпақ корпусқа қосылған жерде шықпауы керек.
Аспап қақпағымен абай болыңыз – мультипісіргіш-жылдам пісіргіш жұмысы кезінде аспап қақпағының орталық бөлігі қатты қызып, күйдіруі
мүмкін. Ылғи тек қақпақ тұтқасынан ұстаңыз.
Аспаптан қақпақты тек қысым индикаторы төменгі күйде тұрғанда, яғни аспаптың ішінде қысым мәні қауіпсіз мәнге жеткенде ғана шешуге рұқсат етіледі.
Аспапты пайдалана бастаудың алдында бу шығаратын тесік бітелмегенін ылғи тексеріп тұрыңыз.
Қысым реттегішін кірлетпеңіз. Қысым реттегішін үнемі ластан тазалап тұрыңыз.
Аспаппен жұмыс аяқталысымен әзірлеу тостағанын бірден суық суға салмаңыз – температура кенет ауысса, ішкі жабынды зақымдануы мүмкін. Тостағанды
жуу алдында суытыңыз.
Тостағанның ішкі беті мұқият және абайлап жұмыс істеуді талап ететін жабындымен жабылған. Тостаған жабындысын зақымдамау үшін өндіруші
мультипісіргішпен бірге келетін керек-жарақты пайдалануға кеңес береді. Сонымен қатар, ағаш, пластик немесе силикон керек-жарақты пайдалануға
болады.
Назар аударыңыз: Аспап жоғары ішкі қысымды жасайды, сондықтан қауіпі көп аспап болып табылады және дұрыс пайдаланылмағанда ыстық бу
немесе сұйықтықтан күюге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты ашу үшін ешқашан күш салмаңыз. Ашу алдында тостағанда ішкі қысым қоршаған орта қысымына толық теңесуі керек.
Әзірлеу үдерісі аяқталысымен, сонымен қатар аспаптан дайын асты шығарғанда оны ылғи электр желісінен ажыратыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
Аспаптың қақпағы аспаптың ішінде қысым өте жоғары болғанда да ең күшті қорғанысты қамтамасыз ететіндей құрастырылған.
Қақпақты құрсаулау құрылғысы Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін өте маңызды элемент болып табылады. Егер ішінде қысым өте көп болса, қақпақты аша алмайсыз.
Егер аспаптың ішінде қысымның мәні асты әзірлеуге қажетті мәннен асса, артық ішкі қысымды түсіру құрылғысы іске қосылады. Бұл кезде аспаптан ауа
шығып, қысым түседі.
Аспап температураны бақылау қадағасымен жабдықталған, ол аспаптың ішінде тапсырылған температура асқанда іске қосылады.
Автоматты түрде өшіру қадағасы аспап қызып кеткенде іске қосылады.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырманы алып тастаңыз.
Аспаптың барлық құрамдастары барын және зақым жоқтығын тексеріңіз.
Барлық құрамдасты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазалаңыз.
Барлық бөлшекті құрғатып сүртіңіз және аспап жұмысқа дайын болатындай орнатыңыз.
Аспапты алғашқы пайдаланар алдында тостағаны суға 70% толған «Пар/Варка» бағдарламасын 30 минут мерзіміне қосу керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалаудың алдында міндетті түрде электр желісінен ажыратыңыз.
Аспапты толық суытыңыз.
Ас әзірлеу тостағанын жуу құралымен жуыңыз, сумен шайып, жұмсақ матаның көмегімен кептіріңіз.
Аспап пен керек-жарақты тазалау үшін абразивті тазартқыштар мен агрессивті жуу заттарын пайдаланбаңыз.
51