Bosch Professional GBH 2-25 Manual Original página 147

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқасы (14) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Қосалқы тұтқаның әрдайым мықтап тартылғанына
u
көз жеткізіңіз. Әйтпесе жұмыс кезінде электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
Қосымша тұтқаны қайыру (A суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (14) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (14) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (14) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (14)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Ағаш, металл, керамика және пластикті соққысыз
бұрғылау, сондай-ақ құралдарды SDS-plus мүмкіндігінсіз
бұрғылау (мысалы, цилиндрлік сағасы жоқ бұрғылар)
үшін пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу
бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау патроны
қажет.
Бұрғылау патронын алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
GBH 2-25 / GBH 2-26
Құралдармен SDS-plus құралынсыз жұмыс істеу үшін
(мысалы, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар) тиісті
бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тәж
немесе жылдам ауыстырылатын бұрғылау патроны,
керек-жарақтар).
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату (B суретін
қараңыз)
– SDS-plus бекіткіш білігін (18) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронына (17) бұрап орнатыңыз. Тісті
тоғыны бар бұрғылау патронын (17) бекіткіш
Bosch Power Tools
бұрандамен (16) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол
жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын енгізу
(B суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен
құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне
бұрап енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін
тартып тексеріңіз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (5) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (17) шығарып алыңыз.
Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату
GBH 2-25 F / GBH 2-26 F
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау
сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап
тұрыңыз және SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау
патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін
кірден тазалап шығыңыз.
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын
тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе
ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын
шерту дыбысы анық естілгенше бұрғылау патронының
бекіткішіне (19) бұрап кіргізіңіз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде
бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының
бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын салу (E суретін
қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
Қазақ | 147
1 609 92A 626 | (12.01.2022)

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido