3M PROTECTA AE521 Manual De Instrucciones página 164

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 70
2.0 ПАЙДАЛАНУ
ҚҰЛАУДАН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУ ЖОСПАРЫ: Жұмыс берушінің құлаудан қорғау және құтқару жоспары болуы тиіс. Бұл
2.1
жоспарда жұмыс беруші жүзеге асыратын құлаудан қорғау бағдарламасына, соның ішінде саясаттарға, міндеттерге және
оқытуға қатысты нұсқаулар мен талаптар, құлаудан қорғау процедуралары, құлау қаупінің алдын алу және басқару, құтқару
процедуралары, апат жағдайларын зерттеу нәтижелері және бағдарламаның тиімділігін бағалау туралы мәлімет берілуі тиіс.
2.2
ТЕКСЕРУ ЖИІЛІГІ: Жұмысшы ілгіш бауларды
басқа білікті тұлға
қосымша тексеріс жүргізуі қажет. Жұмыс жасауға қолайсыз жағдайларда (ауа-райы қолайсыз жер, ұзақ уақыт
2
пайдалану және т.б.) білікті тұлғаның жиірек тексеруі талап етілуі мүмкін. Тиісті тексеріс аралықтарын білікті тұлға анықтауы
тиіс. Тексеру процедурасы «Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында» (2-кесте) сипатталған. Білікті тұлға
тексерісінің нәтижелері «Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналына» немесе радиожиілікті анықтау (RFID) жүйесіне
жазылуы керек.
2.3
ДЕНЕ ТІРЕУІ: Ілгіш баумен толық сақтандыру белдігін пайдалану қажет. Белдіктің жалғау нүктесі пайдаланушының ауырлық
ортасынан жоғары болуы тиіс. Дене белдігі ілгіш баумен пайдалануға арналмаған. Дене белдігін пайдалану кезінде құлау
жағдайы орын алса, дене салмағын дұрыс көтермеуі себебінен ол өздігінен босатылуы немесе жарақаттауы мүмкін.
2.4
ҚҰРАМДАСТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ: Басқасы көрсетілмесе, 3M жабдықтары 3M компаниясы мақұлдаған құрамдастармен
және қосалқы жүйелермен ғана пайдалануға арналған. Мақұлданбаған құрамдастармен немесе қосалқы жүйелермен
алмастыру немесе ауыстыру жабдықтың үйлесімділігіне кері әсерін тигізіп, жалпы жүйенің қауіпсіздігіне және сенімділігіне кері
ықпалын тигізуі мүмкін.
ЖАЛҒАҒЫШТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ: Орнатылатын бағдарына қарамастан, өлшемдері мен пішіндері себебінен ысырма
2.5
механизмдері байқаусызда ашылмайтын жолмен бірге жұмыс істейтіндей жобаланған кезде, жалғағыштар жалғағыш
элементтермен үйлесімді болып саналады. Үйлесімділік бойынша сұрақтарыңыз болса, 3M компаниясына хабарласыңыз.
Жалғағыштар (ілгектер, карабиндер және D пішіндес сақиналар) кем дегенде 22 кН (5,000 фунт) салмақты көтере алуы қажет.
Жалғағыштар анкермен немесе басқа жүйе құрамдастарымен үйлесімді болуы керек. Үйлеспейтін жабдықты пайдалануға
болмайды. Үйлеспейтін жалғағыштар өздігінен босап кетуі мүмкін (6-суретті қараңыз). Жалғағыштардың өлшемі, пішіні және
беріктігі үйлесімді болуы керек. Өздігінен құлыпталатын ілмектер мен карабиндер қажет. Ілмек немесе карабин бекітілетін
жалғағыш элементтің өлшемі немесе пішіні дұрыс болмаса, жалғағыш элемент ілмектің немесе карабиннің ысырмасына (A)
салмақ түсірген кезде қауіпті жағдай туындауы мүмкін. Бұндай салмақтың себебінен ысырма ашылып (B), ілмектің немесе
карабиннің жалғау нүктесінен (C) ажыратылуына себеп болуы мүмкін.
2.6
ҚОСЫЛЫМДАР ЖАСАУ: Осы жабдықпен пайдаланылатын ілмектер мен карабиндер өздігінен құлыпталатын болуы тиіс.
Барлық жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді болғанына көз жеткізіңіз. Үйлеспейтін жабдықты
пайдалануға болмайды. Барлық жалғағыштардың толық жабылып, құлыпталғанын тексеріңіз. 3M жалғағыштары (бекітілетін
ілмектер және карабиндер) тек өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдалану үшін жобаланған. Дұрыс
жалғамаудың мысалдарын 7-суреттен қараңыз. Ілмектерді және карабиндерді келесі жағдайларда жалғауға болмайды:
A.
Басқа жалғағыш бекітілген D пішіндес сақинаға жалғау.
B.
Ысырмаға күш түсіретін жолмен жалғау. Ілгек 16 кН (3600 фунттық) ысырмамен жабдықталған жағдайларды есепке
алмағанда, ауызы үлкен ілмектерді стандартты өлшемдегі D пішіндес сақиналарға немесе соған ұқсас заттарға жалғауға
болмайды, себебі ілмек немесе D пішіндес сақина бұралған немесе айналған кезде ол ысырмаға күш түсіреді.
C.
Жалғағыштардың өлшемі мен пішіні үйлеспей, дұрыс жалғанбаған кезде, жалғағыштар визуалды растаусыз толық
бекітілген болып көрінеді.
D.
Бір-біріне жалғау.
E.
Тікелей тоқыма бауға, арқан белдігіне немесе арқандық ілмекке жалғау (екі арқанға және жалғағышқа арналған өндірушінің
нұсқаулығында бұндай қосылымға рұқсат етілген жағдайларды есепке алмағанда).
F.
Ілмектің немесе карабиннің жабылуына немесе құлыпталуына мүмкіндік бермейтін және шығып кетуі мүмкін пішіндегі
немесе өлшемдегі кез келген затқа жалғау.
G.
Салмақ түскен кезде жалғағыштың тиісті түрде туралануына мүмкіндік бермейтін жолмен жалғау.
1 Жұмысшы: Белсенді құлаудан қорғау жүйесімен қорғалған адам; немесе құлауды тоқтату жүйесі пайдаланылған жағдайда, жүйеге бекітілген кезде құлауы мүмкін болатын
адам.
2 Білікті тұлға: Жұмыс беруші ұйымдастырған құлаудан қорғау бағдарламасын бақылау, жүзеге асыру және қадағалауға жауапты тұлға ретінде жұмыс беруші тарапынан
тағайындалатын, алған білімінің көмегімен нақты және ықтимал құлау қауіптерін анықтауға, бағалауға және оны жоюға қабілетті, жұмыс берушінің осындай қауіп-
қатерлерге қатысты жедел шара қолдануға өкілеттік алған адам.
әр пайдалану алдында тексеріп тұруы қажет. Осыған қоса, пайдаланушыдан
1
164

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido