шүріппелі ауыстырып-қосқышты (10)
жібергеннен кейін сөнеді.
Осы қорғаныс функциясына қарамастан,
белгілі бір қолданыс барысында жүктеме
пайда болып, аспапқа зақым келтіруі мүмкін.
Себептер және көмек:
1. Аккумулятор заряды жылдам таусылады
(электроника терең заряд босату арқылы
аккумуляторды зақымдалудан қорғайды).
Егер аккумулятор заряды жылдам таусылса,
оны қайта зарядтау керек!
2. Аспапқа ұзақ мерзімді жүк түсіру
температуралық өшуге апарып соғады.
Аспапты немесе аккумуляторды суытыңыз.
Нұсқау: Аспап бос жүрісте жұмыс істеген
кезде жылдамырақ суып қалады.
3. Тым жоғары ток қуаты болған жағдайда
(мысалы, ұзақ мерзімді бұғаттаудан) аспап
өшеді.
Аспапты шүріппелі ауыстырып-қосқыш (10)
арқылы өшіріңіз. Сонан соң жұмысты
жалғастырыңыз. Кейінгі бұғатталуға жол
бермеңіз.
6.2
Аккумулятор
Аккумуляторды пайдалану алдында
зарядтаңыз.
Аккумуляторларды зарядтау бойынша
нұсқаулар Metabo зарядтағыш құрылғысының
пайдалану бойынша нұсқаулығында берілген.
Өнімділік төмендеген жағдайда аккумуляторды
қайта зарядтаңыз.
Оңтайлы сақтау температурасы 10°C және 30°C
аралығында жатады.
Шығарып алу
Аккумуляторды құлыптан босату түймесін (12)
басып, аккумуляторды (13) шығарып алыңыз.
Орнату
Аккумуляторды (13) тірелгенше енгізіңіз.
6.3
Айналу бағытын, тасымалдау
қорғанысын
(қосылудан бұғаттау) орнату
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9)
қозғалтқыштың
өшірулі күйінде ғана қосыңыз!
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (айналу
бағытын реттеу, тасымалдау қорғанысы) (9)
қосыңыз.
2-бетті қараңыз:
R = оң жаққа айналу орнатылған
L = сол жаққа айналу орнатылған
0 = ортаңғы күй: тасымалдау қорғанысы
(қосылудан бұғаттау) орнатылған
6.4
Беріліс сатысын таңдау
1-ші қадам (төмен айналу жиілігі,
1
2
аса жоғары айналу жиілігі, көбінесе бұрап
бекітуге арналған)
2-ші қадам (жоғары айналу жиілігі,
1
2
көбінесе бұрғылауға арналған)
6.5
Құрылғыны айналу моментін шектеу,
бұрап бекіту, бұрғылау, соққымен
бұрғылау үшін реттеу
BS белгісі бар аспаптар...:
1...20 = Айналу моментін (айналу моментінің
шектегішімен) патронды айналдыру
арқылы (3) реттеу - аралық позициялар
да болуы мүмкін.
= Бұрғылауды патронды айналдыру
арқылы (3) реттеу (макс. айналу
моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
SB белгісі бар аспаптар...:
= Бұрап бекітуді патронды айналдыру
арқылы (5) реттеу
ЖӘНЕ
айналу моментін (айналу моментінің
шектегішімен) патронды айналдыру
арқылы (4) реттеу - аралық позициялар
да болуы мүмкін.
= Бұрғылауды патронды айналдыру
арқылы (5) реттеу (макс. айналу
моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
= Соққымен бұрғылауды патронды
айналдыру арқылы (5) реттеу (макс.
айналу моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
6.6
Жұмыс құралын ауыстыру
Бұрғылау патронын ашу:
Бұрғылау патронын (1) сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Жұмыс құралын тарту:
Бұрғылау патронын ашып, құралды
мүмкіндігінше терең орнатыңыз. Бұрғылау
патронын (1) құрал берік тартылғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Құрал білігі
жұмсақ болған жағдайда қысқа уақыт
бұрғылағаннан кейін қосымша тарту керек.
6.7
Электрлік құралды қосу, өшіру, айналу
жиілігін реттеу
Аспапты қосу үшін шүріппелі ауыстырып-
қосқышты (10) басыңыз. Айналу жиілігін
шүріппелі ауыстырып-қосқышты басу арқылы
өзгертуге болады.
6.8
Quick жылдам ауыстыру жүйесі бар
бұрғылау патроны (PowerMaxx BS Quick
үлгісінде...)
ҚАЗАҚША kk
73