Descargar Imprimir esta página

Bosch GTK 40 GSK 50 Manual Original página 104

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
OBJ_BUCH-1038-004.book Page 104 Tuesday, November 11, 2014 2:36 PM
104 | Қaзақша
– Сосын ісе қосқышқа 10 басып оны жіберіңіз.
Онда бір қапсырма (GTK 40) немесе тұйықтауыш
басты шеге (GSK 50) атылады.
– Пневматикалық құралды дайындамадан алыңыз.
– Кейінгі қағу әдісі үшін пневматикалық құралды
дайындамадан шығарып оны кейінгі қалаған жерге
бекем қойыңыз.
Контакттік іске қосумен жұмыс істеу
(E суретін қараңыз)
– Ауыстырып-қосқышты 9 ішіне басып бір уақытта оны
жоғарғы күйіне тірелгенше аударыңыз.
„Контакттік іске қосу"
іске қосу жүйесі
реттелген.
– Ауыстырып-қосқышты 9 жіберіңіз.
– Іске қосықшты 10 басып ұстаңыз.
– Қылтақты 13 немесе резеңкелі дайындама
сақтағышын 1 дайындамаға іске қосу сақтағышы 2
толығымен басылғанша бекем қойыңыз.
Онда бір қапсырма (GTK 40) немесе тұйықтауыш
басты шеге (GSK 50) атылады.
– Пневматикалық құралды дайындамадан алыңыз.
– Кейінгі қағу әдісі үшін пневматикалық құралды
дайындамадан шығарып оны кейінгі қалаған жерге
бекем қойыңыз.
– Пневматкалық құралды дайындама үстінде бір
қалыпта көтеріп сосын қайта қойып жылжытыңыз.
Әрдайым пневматикалық құралды орнатып іске
қосқыш сақтағышы басылғанда қапсырма (GTK 40)
немесе тұйықтауыш басты шеге (GSK 50) атылады.
– Қапсырмалар (GTK 40) немесе тұйықтауыш басты
шегелер (GSK 50) керектік саны қағылғаннан соң
қосқышты 10 жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін
алмастыру немесе пневматикалық
құралды ажыратудан алдын ауа
жеткізуден шығарыңыз. Бұл сақтық
шарасы пневматикалық құралдың
кездейсоқ істеп кетуінің алдын алады.
Әр жұмыс істеуден алдын қауіпсіздік пен іске қосқыш
аспаптарын дұрыс жұмыс істеуіне және барлық
бұрандалар мен сомындар бекес тұруын тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген
пневматикалық құралды дереу ауа жеткізуден
ажыратып өкілетті Bosch клиенттеге қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Мневматикалық құралда тиісті болмаған өзгерістерді
орындамаңыз. Іске қосу сақтағышы сияқты
пневматикалық құралдың бөліктерін шешпеңіз немесе
бұғаттамаңыз.
Тиісті болмаған құралдармен ешқандай „төтенше
жөндеулерді" орындамаңыз. Пневматикалық құралға
жүйелік және тиісті ретте техникалық қызмет көрсету
керек („Техникалық күтім және қызмет" 106 бетінде
қараңыз).
Пневматикалық құралдың, мысалы, төмендегілер арқылы
әлсізденуіне немесе зақымдануына жол бермеңіз:
– соғу немесе ою,
– өндіруше рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
– болат сияқты қатты материалдан жасалған
шаблондарда жүргізу,
– жерге құлату немесе жерде жылжыту,
– балға ретінде пайдалану,
– күш істетіп кез келген жұмыс істеу.
Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп
алыңыз. Артында адамдар тұрса қабырға, төбе немесе
еденге қапсырма (GTK 40) немесе тұйықтаушы басты
шегені (GSK 50) қақпаңыз. Қағылатын заттар
дайындаманы тесіп, адамды жарақаттауы мүмкін.
Қағылған бекіткіш заттарға қапсырма (GTK 40) немесе
тұйықтауыш басты шегені (GSK 50) қақпаңыз. Онда
қағылатын зат пішіні өзгеруі, қағылатын зат қысылуы
немесе пневматикалық құрал бақылауынсыз әрекет
жасауы мүмкін.
Егер пневматикалық құрал суық қоршау шарттарында
қолданатын болса, алғашқы қапсырмалар (GTK 40)
немесе тұйықтауыш басты шегелер (GSK 50)
1 609 92A 10X | (11.11.14)
әдеттегіден жай қағылады. Пневматикалық құрал
жұмыс істеп жылығаннан соң қалыпты жұмыс
жылдамдығында істеу мүмкін болады.
Соққыштың тозуын азайту үшін бос атуларды
болдырмаңыз.
Ұзын жұмыс үзілістерінде немесе жұмыстан соң
пневматикалық құралды ауа жеткізуден ажыратып
магазинді босатыңыз.
Магазинді босату
GTK 40
– Қорап шиберін 11 артқа қорап шиберінің
бұғаттауышы 7 түймесі толығымен тірелгенше
тартыңыз.
– Қапсырма тіліктерін 18 алып қойыңыз.
– Қорап шиберін 11 аздап артқа тартып, қорап
шиберібұғаттауышының 7 түймесін басыңыз.
– Корап шиберін абайлап қорап басына тигенше алға
апарыңыз.
Ескертпе: Магазин шибері өзі сарт етіп бекітілмеуі тиіс.
Магазин шибері осылай зақымдалуы мүмкін болып
саусақтарыңыз қысылуы мүмкін.
GSK 50
– Қорап бұғаттауышын 14 басып, бірдей қорапты 8
тірелгенше артқа тартыңыз.
– Шеге тілігін 19 алып қойыңыз.
– Қорапты қорап бұғаттауышы 14 қайта тірелгенше
жылжытыңыз.
Тереңдікті шектеу тірегін реттеу
(F суретін қараңыз)
Қапсырмалардың (GTK 40) немесе тұйықтауыш басты
шегелер (GSK 50) қағылу тереңдігін реттегішпен 3
реттеу мүмкін.
– Магазинді 8 босатыңыз.
(„Магазинді босату" 104 бетінде қараңыз)
– Шегелер тым терең қағылады:
Қағылу тереңдігін қысқарту үшін реттегішті 3 сағат
тіліне қарсы бұраңыз.
немесе
Шегелер қысқа тереңдікте қағылады:
Қағылу тереңдігін ұзарту үшін реттегішті 3 сағат
тілімен бұраңыз.
– Магазинді уақытылы толтырыңыз.
(„Қорап жабдығы" 103 бетінде қараңыз)
– Жаңа қағылу тереңдігін сынақты дайындамада
тексеріңіз.
Керек болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз.
Қысылуларды босату
Бөлек қапсырмалар (GTK 40) немесе тұйықтауыш
басты шегелер (GSK 50) атылу арнасында қысылуы
мүмкін. Бұл жиі пайда болатын болса, Bosch өкілетті
сервистік орталығына хабарласыңыз.
Ескертпе: Егер таңба қысылу босатылғаннан соң кері
қайтпаса, өкілетті Bosch клиенттергі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
GTK 40 (G1–G3 суреттерін қараңыз)
– Магазинді 8 босатыңыз.
(„Магазинді босату" 104 бетінде қараңыз)
– Тарту тұтқышын 12 төменге атылу арнасы ашылатын
болғанша басыңыз.
– Қысылған қапсырмаларды алып қойыңыз. Ол үшін
керек болса қысқышты пайдаланыңыз.
– Егер таңба 21 тозыған болса оны майланған
бұрауыш немесе басқа сәйкес майланған затпен
поршеньге қайта салыңыз.
– Атылу арнасын 2–3 тамшы мотор майымен (SAE 10
немесе SAE 20) майлаңыз.
– Атылу арнасын жабып тарту тұтқышының 12
қамытын атылу арнасының ілгішіне асып сосын тарту
тұтқышын қайта жоғарыға басыңыз.
– Магазинді уақытылы толтырыңыз.
(„Қорап жабдығы" 103 бетінде қараңыз)
GSK 50 (H суретін қараңыз)
– Магазинді 8 босатыңыз.
(„Магазинді босату" 104 бетінде қараңыз)
– Ашық қораптан қысылған тұйықтауыш басты шегені
шығарыңыз. Ол үшін керек болса қысқышты
пайдаланыңыз.
– Егер таңба 21 тозыған болса оны майланған
бұрауыш немесе басқа сәйкес майланған затпен
поршеньге қайта салыңыз.
– Атылу арнасын 2–3 тамшы мотор майымен (SAE 10
немесе SAE 20) майлаңыз.
– Магазинді уақытылы толтырыңыз.
(„Қорап жабдығы" 103 бетінде қараңыз)
Дайындама сақтағышын алмастыру
(I суретін қараңыз)
Дайындама сақтағышы 1 іске қосу ұшында 2
дайындаманы пневматикалық құрал қағу әдісі үшін
дұрыс орнатылғаныша қорғайды.
Дайындама сақтағышын алып қою және алмастыру
мүмкін.
– Дайындама сақтағышын іске қосу сақтағышынан
тартып алыңыз.
– Жаңа дайындама сақтағышын ашық үшымен іске
қосу сақтағышына салыңыз.
GSK 50: Бұл пневматикалық құралда қосалқы
дайындама қаптамасын қорап төменгі жағында 8 сақтау
мүмкін. Ол үшін дайындама сақтағышын 22 қорабына
жылжытыңыз.
Жылжымалы ауа шығыс қалпақшасы
(J суретін қараңыз)
Жылжымалы ауа қалпақшасымен ауа шығысында 4 ауа
ағымын өзіңізден немесе дайындамадан ары бағыттау
мүмкін.
Тасымалдау мен сақтау
Тасымалдау үшін пневматикалық құралды ауа
жеткізуден ажыратыңыз, әсіресе құбырларды
пайдалансаңыз немесе қалыпты емес дене күйінде
әрекет жасасаңыз.
Пневматикалық құралды жұмыс жайында тек
қолтұтқасынан 5 ұстап және іске қосқыш 10
белсендірілмеген күйінде алып жүріңіз.
Пневматикалық құралды әрдайым ауа жетзуден
ажыратып және құрғақ, жылы жайда сақтаңыз.
Егер пневматикалық құралды ұзақ уақыт пайдаланатын
болмаса, аспаптың болаттық бөліктерін аз майлаңыз.
Бұл тот басуына жол бермейді.
Техникалық күтім және қызмет
Күту мен тазалау
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін
алмастыру немесе пневматикалық
құралды ажыратудан алдын ауа
жеткізуден шығарыңыз. Бұл сақтық
шарасы пневматикалық құралдың
кездейсоқ істеп кетуінің алдын алады.
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
маман оқыған қызметкерлер орындасын. Сол
арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін
сақтайсыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
Пневматикалық құралды майлау
(K суретін қараңыз)
Егер пневматикалық құрал қызмет көрсету блогына
қосылған болмаса, оны жүйелік ретте майлау керек:
– Жай пайдалануда күніне 1 рет.
– Қатты пайдалануда күніне 2 рет.
Майлау құралының 2–3 тамшысын ауа қосқышына 6
тамшылаңыз.Тыс көп майлау құралын пайдаланбаңыз,
әйтпесе ол пневматикалық құралда жиналып ауа
шығысынан 4 қайта шығады.
Тек Bosch арқылы ұсынылған майлау құралын
пайдаланыңыз.
– Минералды мотор майы SAE 10 (тым салғын қоршау
шарттарында)
– Минералды мотор майы SAE 20
 Майлау және тазалау құралдарын қоршаған
ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату қажет.
Заңдық нұсқаулықтарды орындаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading