•
Жоғарыда берілген аккумулятор картридждерінің кейбірі тұрып жатқан жеріңізде жоқ болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
жоғарыда көрсетілген аккумулятор катридждерін ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор
картридждерінің басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер
көрсетілген. Пайдалану алдында олардың
мағынасын түсініп алыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Тек ЕО елдеріне арналған
Жабдықта қауіпті құрамдастардың
болуына байланысты, электрлік
және электрондық жабдықтардың,
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары қоршаған ортаға және адам
Ni-MH
Li-ion
денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Электрлік және электрондық
құрылғыларды немесе батареяларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайды!
Электрлік және электрондық
жабдықтардың қалдықтары және
аккумуляторлар мен батареялар және
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық
заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық
директиваға сәйкес, электрлік
жабдықтардың, батареялардың және
аккумуляторлардың қалдықтары бөлек
жиналуы және қоршаған ортаны қорғау
ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін
тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне
жеткізілуі керек.
Бұл жабдыққа орналастырылған айқас
сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі.
Қолдану мақсаты
Құрылғы Makita портативті қуат беру блогының
қуатын түрлендіріп, әртүрлі қылып шығаруға
арналған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ:
пайдалану алдында, осы токтың
аккумуляторлық түрлендіргішімен бірге
қолданылатын өнімнің нұсқаулығын оқып
шығыңыз.
Токтың аккумуляторлық
түрлендіргішінің қауіпсіздік
техникасы бойынша ескертулер
1.
Құрылғы жақсы істеуі және ұзақ уақыт
қызмет етуі үшін, токтың аккумуляторлық
түрлендіргішін төмендегі жағдайлардан
қорғау керек:
—
коррозиялық газ және сұйықтық;
—
тұзды бу және майлы бу;
—
механикалық әсер және діріл;
—
жоғары ылғалдылық;
—
шектен асатын температура (тым суық
немесе тым ыстық)
Қолайлы қоршаған орта температурасы
-10 °C және 40 °C (14 °F және 104 °F) аралығын
құрайды;
—
электр-магниттік шу (мысалы, электрлік
дәнекерлеу машинасы, жоғары қуатты
жабдық);
—
радиоактивті материал.
2.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін
кедір-бұдыры жоқ көлденең бетке және
орнықты жерге қойыңыз. Әйтпесе құрылғы
құлап кетуі мүмкін.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін
3.
тасығанда, қуат көзін және қуат шығысына
қосылған құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз. Әйтпесе құрылғы құлап кетуі
мүмкін.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін
4.
тасығанда, тасу тұтқаларын міндетті түрде
екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз. Токтың
аккумуляторлық түрлендіргішін кез келген
басқа бөліктен ұстап тасымаңыз. Әйтпесе
құрылғы құлап кетуі мүмкін.
5.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін
дымқыл қолмен пайдаланбаңыз.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін
жаңбырда немесе ылғалды жағдайларда
пайдаланбаңыз. Электр тогы соғуы мүмкін.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргіші су
өткізеді.
6.
Розеткаларға және ауа тесіктеріне
жапсырма шегелер, сым темірлер сияқты
металл заттарды немесе басқа ұсақ металл
заттарды салмаңыз. Электр тогы соғуы
мүмкін.
7.
Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін
бөлшектемеңіз. Электр тогы соғуы мүмкін.
8.
Құлатып алған кездегідей, токтың
аккумуляторлық түрлендіргішінің қатты
соққы алуына жол бермеңіз. Электр тогының
соғуына себеп болатын ақаулық орын алуы
мүмкін.
9.
Қозғалмалы бөлшектердің ығысып
кетпегенін және тұтылып қалмағанын,
бөлшектердің зақымдалмағанын және
жұмысқа теріс әсер ете алатын басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз.
Зақымдалған болса, құрылғыны жөндеген
соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі құрылғыларға дұрыс
техникалық күтім көрсетілмегендіктен орын
алады.
10. Міндетті түрде тиісті айнымалы ток
жиілігіне орнатыңыз. Әйтпесе ақаулық орын
алуы және адамдар жарақат алуы мүмкін.
201 ҚАЗАҚША