Descargar Imprimir esta página

Hotpoint Ariston LFF 8M116 Manual Del Usuario página 67

Ocultar thumbs Ver también para LFF 8M116:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 16
Қосу және пайдалану
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор
шамы мен дисплей жанады.
3. Есікті ашып жуғыш заттың қолайлы мөлшерін құйыңыз
(төменнен қараңыз).
(«Тартпаларды жүктеу» бөлімін
4. Тартпаларды жүктеңіз
қараңыз)
, одан кейін есікті жабыңыз.
5. Жуу циклын таңдау түймелерін басу арқылы ыдыс-аяқ түрі
мен оның ластану дәрежесіне сәйкес жуу циклын таңдаңыз
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
6. Жуу опцияларын таңдаңыз
қараңыз).
7. Бастау/тоқтата тұру түймесін басу арқылы циклды
бастаңыз: Жуу индикатор шамы жанады және дисплейде
циклдың соңына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
8. Циклдың соңында дисплейде СОҢЫ сөзі көрсетіледі.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз, одан
кейін шүмекті жабыңыз да, құрылғының айырын розеткадан
ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен бастап
босатыңыз.
- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы ұзақ
белсенсіздік кездерінде автоматты түрде өшеді.
АВТОМАТТЫ ЖУУ ЦИКЛДАРЫ
машиналары ластану деңгейін анықтап, ең тиімді әрі үнемді
жуу циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін
арнайы датчикпен жабдықталған. Датчиктің жұмысына
байланысты авто жуу циклдарының ұзақтығы әртүрлі болуы
мүмкін.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:
жуу циклын өзгерту үшін, жуу циклы басталғаннан кейін
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұру арқылы құрылғыны
өшіріңіз. Сол түйменің көмегімен оны қайтадан қосып, қажетті
жуу циклы мен опцияларды таңдаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Қосу/тоқтата тұру түймесін басып, шыққан буға тимеуге
тырысып есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу
машинасының ішіне қойыңыз. Бастау/тоқтата тұру түймесін
басыңыз: Ұзақ сигнал берілгеннен кейін цикл қайтадан
басталады.
Кешіктіріп бастау орнатылған болса, кері санақтың
соңында жуу циклы басталады. Ол Тоқтап тұру режимінде
қалады.
Құрылғыны тоқтатып қою үшін Бастап/тоқтата тұру; жуу
циклы тоқтайды.
Бұл кезде жуу циклын өзгерту мүмкін емес.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.
.
*
(қасындағы ақпаратты
*
:
кейбір ыдыс жуу
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады.
Белгіленген мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін
арттырмайды және қоршаған ортаны көбірек
ластауға әкеледі.
Заттардың ластану дәрежесіне байланысты, ұнтақ
немесе сұйық жуғыш заттардың мөлшерін реттеп отыруға
болады.
Орташа ластанған заттар үшін шамамен 35 г (ұнтақ
жуғыш зат) немесе 35 мл (сұйық жуғыш зат) қолданыңыз.
Таблеткалар қолданылса, біреуі жеткілікті.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш
заттың мөлшерін азайтыңыз.
Жуу нәтижесі жақсы болуы үшін жуғыш зат қорабындағы
нұсқауларды да орындаңыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жуғыш зат өндірушісінің
тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Жуғыш зат тартпасын ашу үшін «А» ашу құралын
пайдаланыңыз.
Жуғыш затты тек «В» құрғақ тартпаға салыңыз. Алдын
ала жууға арналған жуғыш затты тікелей құрылғының
ішіне салыңыз.
1. Жуғыш зат мөлшерін өлшеген кезде, дұрыс мөлшерін қосу
үшін Жуу циклдарының кестесін қараңыз. В бөлігінде әрбір
циклда қосуға болатын сұйық немесе ұнтақ жуғыш мөлшерін
ең көп мөлшерін көрсететін белгі бар.
2. Тартпаның шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып,
қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
3. Жабу құралы орнына бекітілгенше жуғыш зат тартпасының
қақпағын жоғары көтеріп жабыңыз.
Жуғыш зат тартпасы жуу циклына сәйкес тиісті уақытта
автоматты түрде ашылады.
Әмбебап жуғыш заттар қолданылса, TABS опциясын
пайдаланған жөн, себебі ол циклды әрдайым ең жақсы жуу
және кептіру нәтижелеріне қол жеткізетіндей реттейді.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
Қ о л м е н ы д ы с ж у у ғ а а р н а л ғ а н с ұ й ы қ т ы қ т ы
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда
құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін.
Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР
ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған жөн.
Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы нәтиже алу
үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші сұйықтық пен тұз
қолданылуы керек.
KZ
67

Publicidad

loading