– құрылғыны көтеріп алып,
тасымалдау алдында,
– құрылғыны тасымалдау алдында,
– шапқыш пышағымен жұмыс істеу
алдында,
– құрылғыны тексеріп тазарту алдында
немесе өзге де жұмыстарды жүргізу
алдында (мысалы, бас тұтқаны
жинау, кесік биіктігін реттеу,
лақтырманың қақпағын ашу немесе
жабу),
– бөгде заттар түсіп кеткен немесе
көгалшапқыш өте қатты дірілдеген
жағдайда. Мұндай жағдайда
құрылғыда, əсіресе кескіш бөлікте
(пышақ, кесетін десте, пышақтың
бекіткіші) зақымдалған жерлердің
бар-жоғын тексеріңіз жəне
құрылғыны іске қосып, оның
жұмысын жалғастырмас бұрын
қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Көгалшапқыштың, əсіресе,
кесетін дестесі майысқан немесе
шапқыш пышағы зақымдалған
немесе майысқан болса, оны
қолдануға болмайды.
Қандай да кеңестер қажет болған
жағдайда, барлық қажетті
жұмыстарды кəсіпқой маманға
орындауға беріңіз – STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Іштен жанатын қозғалтқышты мына
жағдайда сөндіріңіз,
– құрылғыны шөп алаңына жəне одан
кері тасығанда,
498
– құрылғыны тақыр жерге сүйретіп
əкелер алдында,
– құрылғыны тасымалдау мақсатында
аудару қажет болғанда.
4.7 Техникалық қызмет көрсету жəне
жөндеу
Тазалау, орнату, жөндеу жəне
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын бастамас бұрын:
● Құрылғыны берік, тегіс жерге
қойыңыз,
● Іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз жəне суытыңыз,
● От алдыру білтесі
сымының штекерін
шығарыңыз.
Назар аударыңыз – жарақат
алу қаупі бар!
От алдыру білтесі сымының штекерін от
алдыру білтесінен алшақ ұстаңыз,
себебі күтілмеген ұшқын өрт не ток
соғуға əкелуі мүмкін.
От алдыру білтесінің от алдыру білтесі
сымының штекеріне абайсыз тиюі іштен
жанатын қозғалтқыштың күтілмеген іске
қосылуына əкелуі мүмкін.
Жарақат алу қаупі бар: шабу
пышағы!
Стартер арқанын созу арқылы,
жұмыс құралдары айналмалы
түрде қозғалатын болады. Сіз
стартердің арқанын созып жатқан
кезде, көгалшапқышқа қарай
қашықтықтың жеткілігіне, əсіресе
қол-аяғыңызға аса назар
аударыңыз.
Жұмысты бастар алдында,
қозғалтқыштың, дем шығаратын
коллектордың жəне шу басқыштың
аумағындағы құрылғының суығанын
күтіңіз. Температурасы 80° С жəне одан
да жоғары болуы мүмкін. Жану қаупі
бар!
Мотор майымен тікелей жанасу қауіпті
болуы мүмкін, оған қоса, мотор майын
төгуге болмайды.
STIHL компаниясы мотор майын құю
жəне мотор майын ауыстыру үшін
STIHL делдалдарына жүгінуді ұсынады.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. (
Шөптің қалдығын ағаш таяқпен кетіріңіз.
Шапқыштың астыңғы бөлігін қылшақпен
жуыңыз.
Ешқашан жоғары қысымды
тазалағышты пайдаланбаңыз жəне
құрылғыны ағынды сумен жумаңыз
(мысалы, бақшалық шлангінің
көмегімен).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұлар пластиктің
немесе металдың зақымдалуына
əкеліп, STIHL құрылғысының қауіпсіз
жұмысына теріс əсер етуі мүмкін.
Өрттің туындау қаупін азайту үшін,
желдеткіш тесіктер, суытқыш қырлар
жəне пайдаланылған газдарды
шығаратын құбырдың жанында: шөп,
сабан, мүк, қураған жапырақ жəне ағып
кеткен майлаудың болмағанына
көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
0478 111 9954 A - KK
12.1)