Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON VC 4LX-22 Manual Del Usuario página 346

Ocultar thumbs Ver también para NURON VC 4LX-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 63
VC 4MX-22
VC 4HX-22
Денсаулыққа зиянды шаң түрлеріне арналған шаңсорғыш бойынша күтім көрсету
нұсқаулары
ҚАУІПТІ
Денсаулыққа зиянды шаңның жарылуынан жарақат алу қаупі бар! Шаң жіктемесіне қарай
сорғыш денсаулыққа зиянды шаңды қамтуы мүмкін.
▶ Босату және техникалық қызмет көрсету, соның ішінде шаң жинағышты алып тастау әрекетін тек
мамандар орындауы тиіс. Тиісті қорғаныс киімін киіңіз.
▶ Машинаның барлық бөлшегі қауіпті аймақтан шығару кезінде ластанған болып саналуы керек.
Шаңның таралуын болдырмау үшін тиісті шараларды қолданыңыз.
▶ Сорғышты ешқашан толық сүзу жүйесінсіз пайдаланбаңыз.
Техникалық қызмет көрсету және тазалау жұмыстарын өткізгенде сорғышпен, ол техникалық қызмет
көрсетушілерге және басқа да тұлғаларға қауіп төндірмейтіндей, жұмыс істеу керек.
▶ Денсаулыққа зиянды шаңды бөлме ауасынан үздіксіз сүзіп шығаратын сүзгісі бар ауа алмасуды
(мысалы, ауа тазалағышы) пайдаланыңыз.
▶ Қорғауыш киімді киіңіз.
▶ Жинауды орындағанда жұмыс аймағында зиянды заттардың болмауын қадағалаңыз.
▶ Сорғышты ішінде зиянды заттар бар бөлмеден шығару алдында сорғыш корпусын тазалау,
құрғақ етіп сүрту немесе герметикалық түрде қаптау керек. Бұл кезде зиянды шаңның бөлмеде
таралуына қарсы шараларды қолдану керек.
▶ Күту және жөндеу жұмыстарын орындағанда толығымен тазаланбайтын барлық аспап
бөлшектерін және түйіндерін герметикалық пакеттерге орамалау және күшіндегі қоқысты
кәдеге жарату бойынша нормаларға сай кәдеге жарату керек.
▶ Кемінде жылына бір рет аспапта техникалық тексеруді өткізіп, сүзгілерде зақымдар жоқ екенін,
аспаптың герметикалық екенін және оның басқару бөлшектерінің дұрыс жұмыс істейтінін
тексеру керек. Бұл жұмыстарды Hilti сервис орталығы немесе арнайы оқытылған қызметкерлер
орындайды.
▶ Оған қоса H класты сорғыштарда сүзгінің сіңіру қабілетін кемінде жыл сайын немесе ұлттық
талаптарда анықталғандай жиірек тексеру қажет. Аспап сүзгісінің сіңіру қабілетін растау үшін
қолдануға болатын сынақ әдісі EN 60 335-2-69 (22.AA.201.2) стандартында анықталған. Сынақ
нәтижесі теріс болса, оны жаңа басты сүзгімен қайталау керек.
7.2
Сүзгіні тазалау
Сүзгіш элемент тез тозатын бөлшек болып табылады.
Сүзгіш элементті қатты беттерге қағу арқылы тазаламаңыз. Сүзгі материалына зақым келтіре
алатын сығылған ауамен тазалағышты немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз. Нәтижесінде сүзгіш
элементтің қызмет ету мерзімі ұзарады.
▶ Сүзгіш элементті кем дегенде алты ай сайын алмастырыңыз.
▶ Сүзгіш элементті қолдану жиілігі жоғарырақ болғанда, оны жиірек алмастырыңыз.
7.3
Сүзгіш элементті ауыстыру
1. Аспап ажыратқышын OFF күйіне орнатыңыз.
2. 2 ілмекті ашыңыз.
3. Сорғыш бастиегін кір контейнерінен көтеріп алыңыз да, сорғыш бастиегін артқы жағына қойыңыз.
4. Сүзгі бекіткіштерін 180°-қа бұраңыз.
5. Сүзгі жақтауын сүзгімен бірге шығарып алыңыз.
▶ Турбина саңылауына кір түспегеніне көз жеткізіңіз!
6. Тығыздауыш пен сүзгі жақтауының кіріс саңылауын шаңнан тазартыңыз.
7. Сүзгі жақтауын жаңа сүзгіге орнатыңыз.
8. Сүзгі жақтауын сүзгімен бірге сүзгі жақтауына арналған ұстағышқа орнатыңыз.
9. Сүзгі жақтауын сүзгі бекіткіштерімен құлыптаңыз.
10. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
11. Қажет болса, сүзгіш элементтен немесе сорғыштан түскен шаңды кетіріңіз.
342
Қазақ
2
2416651
*2416651*

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Nuron vc 4mx-22Nuron vc 4hx-22