KAZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты алғаш пайдаланар алдында электр қоректендіруі кестеде келтірілген техникалық сипаттамалары бар осы шаңсорғыштың Сіздің желіңіздегі
электр қоректендіруге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Аспапты электр желісіне тек құрғақ қолмен ғана қосыңыз; өшірген кезде бауынан тартпай, ашасынан қолмен ұстаңыз.
Қоректендіру бауын желіден өшірер алдында бұйымды өшіру түймешігімен өшіру қажет.
Бауды ораған кезде ашаны қолмен ұстап тұрыңыз. Ашаның өздігінен оқыс қозғалыстары мен тербелістеріне жол бермеңіз.
Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, қатты бетке немесе суға түскен жағдайда бүлінген жағдайда, немесе бөлмеден тыс қалдырылса, сервистік
орталыққа жолығыңыз.
Шлангты бүлдірмеу үшін оны майыстырмаңыз және тартпаңыз.
Желдету саңылауларының жабық тұрмағанын қадағалаңыз. Оларға бөгде заттарды түсірмеңіз (шаң, шаш, киім және басқалар).Шаңсорғыш, шланг
немесе телескопиялық түтіктің сорғыш саңылауы бітелген кезде шаңсорғышты дереу өшіріңіз. Қайта қосар кезде бітелген жерді тазарту керек.
Сатыларда шаңсорғышпен жұмыс істегенде өте сақ болыңыз.
Жұмысты бастар алдында еденнен шаң жинағышты бүлдіруі мүмкін барлық бықсып жанған және үшкір заттарды алып тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Қоректендіру желісіне артық күш түсірмеу үшін бұйымды бір электр желіге басқа күшті электр аспаптарымен бірге қоспаңыз.
Су беттерді шаңсорғышпен тазартпаңыз. Оның көмегімен сұйықтықтарды кетіруге болмайды.
Сұйық тазартқышпен өңделген кілемдер шаңсорғышпен тазарта бастағанша кебуі тиіс.
ЖИНАУ
Шлангты шаңсорғышқа қосу үшін оны сорғыш саңылауға негізін салып, сыртыл естілгенше басыңыз.
16
MT-1351