Тазалау
1.
Түксіз сүрткішке бекітілген тазалау құралын сіңдіріңіз.
2.
Өнімнің барлық бетіне тазалау құралын сіңдіріңіз.
3.
Беттерді 3-5 минут дымқыл күйінде қалдырыңыз.
4.
Басқа түксіз сүрткішті тазалау құралына малыңыз.
5.
Өнімнің барлық бетін таза болып көрінгенше сүртіңіз. Өнімнің барлық беті таза екенін тексеріңіз.
Шаю
6.
Түксіз сүрткішке ауыз суын сіңдіріңіз.
7.
Монитордың ұштық коннекторынан бастап, өнімнің барлық бетін кемінде бір рет сүртіңіз.
8.
Өнімді қарап шығып, қажет болса, 6-7-қадамдарды қайталаңыз. Егер қандай да бір бөлшек таза
болып көрінбесе, ойықтарды жəне тар жерлерді мақта тампонмен тазалаңыз.
9.
Өнімнің барлық бетін таза сүрткіштермен құрғатыңыз.
Кабель мен сым жинақтарын зарарсыздандыру
Кабель мен сым жинақтарын таза, тегіс бетке қойыңыз. Зарарсыздандыру ыбарысында коннекторға
сұйықтық кірмейтіндей етіп сым жинағының немесе кабельдің коннектор ұшын орналастырыңыз.
Егер процедура барысындағы кез келген уақытта түксіз сүрткіштердің ластануы байқала бастаса,
ластанған сүрткіштерді қоқысқа тастап, қосымша таза сүрткіштерді пайдаланыңыз.
Процедура барысында, қажет болса, тігістерді, ойықтарды, ашық аймақтарды жəне тар жерлерді мақта
тампондармен зарарсыздандырыңыз жəне шайыңыз.
Зарарсыздандыру
1.
Түксіз сүрткішке бекітілген зарарсыздандыру құралын сіңдіріңіз.
2.
Өнімнің барлық бетін толық сіңдіріңіз.
3.
Беттерді 10 минут дымқыл күйінде ұстаңыз. Сымдардың арасындағы барлық тігістерге, ойықтарға
жəне тар жерлерге сіңгенін тексеріңіз.
Шаю жəне түпкілікті тексеруді аяқтау
4.
Түксіз сүрткішке ауыз суын сіңдіріңіз.
5.
Монитордың ұштық коннекторынан бастап, өнімнің барлық бетін сүртіңіз.
6.
Қосымша сүрткіштерді қажетінше пайдаланып, 5-қадамды тағы да екі рет қайталаңыз.
7.
Өнімді түгел сүрткіштермен құрғатыңыз.
8.
Өнімнің барлық беті таза жəне құрғақ екенін қарап шығыңыз.
Материалдардың зарарсыздандыру құралдарымен үйлесімділігі
Төменде аталған зарарсыздандыру құралдарының өнімді əзірлеу кезінде материалдармен үйлесімділігі
сыналды. Philips компаниясы пайдаланылған ингредиенттер немесе кейіннен енгізілген кез келген
өзгерістер үшін жауапты емес. Күмəн болған жағдайда зарарсыздандыру құралын өндірушіге
хабарласыңыз.
Бұл зарарсыздандыру құралдарының инфекциямен күрес құралы ретінде тиімділігі тексерілмеген.
Тиімділігі туралы ақпарат жəне кез келген қосымша ақпарат алу үшін зарарсыздандыру құралын
өндірушіге хабарласыңыз. Жоғарыда сипатталған əдіспен, 70% изопропил спиртін (IPA) пайдалана
отырып, сым жинақтары мен магистралдық кабельдер орташа деңгейлі зарарсыздандыруыға жарамды
екені дəлелденді.
Өнім атауы
Изопропанол (IPA)
®
Bacillol
AF
®
Bacillol
25
Өнім түрі
Құрамы
сұйық
Изопропанол 80%
100 г концентраттың құрамы:
Пропан-1-ол, 45,0 г;
сұйық, спрей
Пропан-2-ол, 25,0 г;
Этанол 4,7 г
Этанол 100 мг/г
сұйық
Пропан-2-ол (= 2-Пропанол) 90 мг/г;
Пропан-1-ол (= 1-Пропанол) 60 мг/г