1. НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР
KZ
• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға (балаларды қоса) немесе осы құрылғыға
қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға ықтимал қауіп-
қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілмейінше және олар бақыланбайынша пайдалануға
болмайды.
• Балалардың осы құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
• Егер ашалы қосқыш немесе қуат сымы зақымданса, кез келген
қауіп-қатерлердің алдын алу үшін оны тек тұтынушыларды
қолдау орталығы ғана ауыстыруы керек.
ТЕК ЕУРОПАЛЫҚ НАРЫҚҚА АРНАЛҒАН:
• Бұл құрылғыны 8 жастағы не одан асқан балаларға бақылауда
болғанда ғана немесе олар құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқауларды алғанда және болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы
білгенде ғана пайдалануға болады. Пайдаланушы орындауға
міндетті тазалау және күтім көрсету жұмыстарын балалар
8 жастан аспайынша және үнемі қадағалауда болмайынша
орындамауы керек. Құрылғыны және оның қуат сымын 8 жастан
аспаған балалардан аулақ ұстаңыз.
• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі
немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер
мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау
берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады.
• Балалардың құрылғымен ойнамауы керек.
• Құрылғы қараусыз қалса және жинаудың, бұзудың және
тазалаудың алдында оны әрқашан ток көзінен ажыратыңыз.
Осы таңбамен белгіленген беттер пайдалану барысында
ыстық болады (бұл таңба тек кейбір үлгілерде ғана бар).
Өзіңізді күйдіріп алудан сақтаныңыз.
36