Bosch GSG 300 Professional Manual Original página 82

Ocultar thumbs Ver también para GSG 300 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
OBJ_BUCH-55-007.book Page 82 Thursday, June 9, 2016 3:46 PM
82 | Қaзақша
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәлі-
меттеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгі-
ленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 1 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/сөндіргішті 1 бекіту үшін қосқыш/
сөндіргішті 1 арқаға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 1 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 1 қысқа уақыт бойы басыңыз
және жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара дискілері мен ара дискі бағыттауыштары
Өңделетін материал қалыңдығына байланысты ретте түрлі
ара полотносының бағыттауыштары мен тиісті ара
полотноларын пайдалану мүмкін, ол үшін жабдықтар
тізімін қараңыз.
Сырғанақ роликті тіреу тақтасы
Пенопласт арасын тіреу тақтасыз пайдалануға болады.
Сырғанақ роликтері бар тіреу тақтасы араны жәй және тік
бұрышта апаруға мүмкіндік береді.
Кез келген пішіндерді аралау және тесіктер тесу үшін ең
жақсысы тіреу тақтасынсыз жұмыс істеңіз.
Пенопластты өңдеу
Дәл кесіктерді жасау үшін, әсіресе жұмсақ пенопласт
немесе ұқсас материалдарда, орташа күшпен басып
істеңіз. Материалды өңдеуде оны тым қатты баспаңыз
немесе созбаңыз.
1 609 92A 2P1 | (9.6.16)
Кіші кесіктерді жасау үшін тіреу тақтасын шешіңіз. Пышақ
немесе қайшыны материалға тығып, сосын тесікке ара
полотносының бағыттауышын салып, кесікті өңдеңіз.
Үлкен кесіктерді жасау үшін тығу тесігінің үлкендігін ара
полотносының бағыттауышы орнатылған тіреу тақтамен
кіретін етіп жасаңыз. Түбі кедергісіз болуына көз
жеткізіңіз. Электр құралды орташа басып кесік
сызығымен апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара полотносының бағыттауышы мен ара полотноларын
жүйелік түрде тазалаңыз, шам. әр 8 жұмыс сағатынан соң.
Ол үшін ара полтноларын электр құралдан шешіп ара
полотноларын ең жақсысы бензінбен жуыңыз. Керек
болса ара полотносының бағыттауышын тазалау үшін
қырғыш пайдаланыңыз. Жаңа немесе өткірленген ара
полотносын орнатудан алдын ара полотносының
бағыттауышын майлаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido