Descargar Imprimir esta página

Osram AirZing PRO 5040 Manual Del Usuario página 26

Ocultar thumbs Ver también para AirZing PRO 5040:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 12
АУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ЕСКЕРТУ
Бұл өнім тек бөлмедегі ауаны жəне медициналық емес құрылғылардың беттерін
тазалауға арналған.
Өнім медициналық құрылғыларды тазалауға, зарарсыздандыруға немесе
стерильдеуге жарамсыз.
Өнім жалпы жарықтандыру шамдарымен жабдықталмауы керек, ал УК-С шамдар
жалпы жарықтандыру шырағдандарына орнатылмауы керек.
Бұл өнім тек кəсіби қолданысқа арналған. Орнату жұмысын білікті маман орындауы
керек. Бұл өнімді сатып ала отырып, сіз оны кəсіби қолданыс үшін сатып
алғаныңызды жəне осы өнімді дұрыс орнату, пайдалану жəне техникалық қызмет
көрсету үшін білікті мамандарға жүгінетініңізді мəлімдейсіз.
Бұл өнімді орнату, техникалық қызмет көрсету немесе шамды ауыстыру кезінде
қуаттандыруға болмайды.
Өнімді тез тұтанғыш жəне жарылу қаупі бар материалдар бар жерлерде
пайдалануға қатаң тыйым салынады
Бұл өнім жұмыс кезінде УК-С сəулесін шығарады. Əрқашан адамдар мен
жануарларға УК-С сəулесінің тікелей түсуін немесе шағылысуын болдырмаңыз.
Бұл өнімнің жұмысы барысында шығаратын УК-С сəулесі көзге жəне теріге
түскеннен кейін қысқа уақыт ішінде елеулі зақым келтіруі мүмкін. Жақын жерде
адамдардың немесе жануарлардың тұруына рұқсат етілмейді. Төмендегі кестеде
қашықтыққа (d) қатысты сəулелендіру (ES) жəне əсер ету уақыты (texp) туралы
ақпарат берілген:
d [m]
E
[W/m
]
2
S
t
[s]
exp
Бұл өнім пайдалануда болған кезде адамдардың жəне жануарлардың жұмыс
орнына кірмегеніне көз жеткізіңіз. Тазалау жұмысын бөлме тазаланған жағдайда
ғана бастаңыз. Төменде осы мақсатқа жетуге арналған ұсыныстардың толымсыз
тізімі берілген. Бірнеше опцияны таңдауға болады.
Жұмыс кезінде бөлмені құлыптаңыз;
Ескерту белгісін, шамын немесе сигналын пайдалануға болады;
Өнімді тек білікті, өкілетті адамдар ғана қосуы керек;
Қосқыш бөлмеден тыс жерде болуы керек;
Қосқышты əдеттегі жарық қосқыштарымен шатастырып алуға болмайды
Қосқышты жерден кемінде 2 м қашықтықта орнатуға болады;
Қосқыш тек арнайы операторлар басқара алатын құлыптау құрылғысымен
жабдықталуы мүмкін;
Егер қандай да бір есік ашық болса, өнімді өшіретін есік қосқышын
пайдалануға болады;
Өнімнің жұмысын шамның ашық көкшіл жарқылымен анықтауға болады.
Қызметкерлерді өнім қосулы кезде бөлмеге кірмеуге жəне, сəйкесінше, дереу
бөлмеден шақпауға үйрету. Бұл бөлмені құлыптау немесе кіру туралы ескерту
сияқты басқа əдістер сəтсіз болған жағдайдағы екінші деңгейлі шара.
Өнім УК жұмыс аймағында күтпеген адамдар анықталса, шамды бірден сөндіретін
инфрақызыл датчигімен жабдықталған. Тек датчикке сүйенуге болмайды. Бұл
жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларын дұрыс пайдаланбаған немесе бұзған
жағдайда қолданылатын екінші деңгейлі қауіпсіздік шарасы.
Датчиктің сезімталдығы 35°C-тан жоғары бөлме температурасында төмендейді.
Инфрақызыл датчикті ешқандай жағдайда жаппаңыз немесе көрінісін бұғаттамаңыз.
0.2
1
5.0
0.68
6
40
2
3
0.21
0.099
140
300

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

4062172152655