Bluetooth динамигін пайдалану
Құрылғыларды ажырату немесе қайта қосу
Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін үш секундтан аса басып тұрыңыз. Ағымдағы қосылым
ажыратылатын болады.
Қосылымды, қосылған құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігін өшіру арқылы аяқтауға болады.
Егер Bluetooth қосылымы құрылғылардың арасындағы қашықтық себебінен үзілсе,
құрылғыларды біраз уақыт бойы бір-біріне жақындатыңыз. Құрылғылар автоматты түрде
қайта қосылады.
• Қосылымды, Bluetooth динамигін өшіру немесе қосылған құрылғыдағы Bluetooth
мүмкіндігін өшіру арқылы аяқтауға болады. Bluetooth динамигін қайтадан
қосқанда және құрылғылар ауқымның ішінде болғанда немесе қосылған
құрылғыда Bluetooth мүмкіндігін белсендіргенде, құрылғылар автоматты түрде
қайта қосылатын болады.
• Егер Bluetooth қосылымы құрылғының ақаулығы себебінен үзілсе, құрылғыларды
қайта қосу үшін ажыратылған құрылғыдағы Bluetooth мәзірін пайдаланыңыз.
• Bluetooth қосылымы дұрыс ажыратылмаған болса, шу естілуі мүмкін.
Басқа құрылғыларға жалғау
Bluetooth динамигі мен ағымда қосылған құрылғының арасындағы қосылым
ажыратылғаннан кейін, Bluetooth динамигін басқа құрылғыға қосуға болады.
1
Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін үш секундтан аса басып тұрыңыз.
Bluetooth динамигі ағымдағы Bluetooth қосылымын аяқтайды және Bluetooth жұптау
режиміне өтеді.
2
Bluetooth динамигін басқа құрылғыға қосыңыз.
Қазақ тілі
11
11