Stihl Laser 2-in-1 Instrucciones De Servicio página 166

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
Q
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият танысып алған және
қолдануға жақсылап үйретілген адамдарға ғана беруге немесе
жалға беруге рұқсат етіледі – әрқашан пайдалану нұсқаулығын
көрсетіңіз.
Агрегаттың құрылымына қандай да бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін. STIHL компаниясы, рұқсатсыз
қолданудың салдарынан адамға және мүлікке келтірілген нұқсан
үшін жауапты болмайды.
Агрегат пен оптиканы ылғалдан, дымқылдан, майдан,
шайырдан, шаңнан және кірден алшақ ұстаңыз.
Пластмассадан жасалған бөлшектерді шүберекпен тазартыңыз.
Қатты әсерге ие тазартқыш құралдар жылтыр бөлшектерді бүлдіре
алады. Оптиканың қақпағын алмаңыз.
Қолданылу саласы / Пайдалану
STIHL ұсынған 1-де 2 лазерін, жоңқалау орнының ұзындығын кескен
кезде дестенің бағытын бақылауға арналған қосалқы құрал немесе
кесу үшін өлшеуге арналған көмек ретінде қолданыңыз.
Агрегатты басқа мақсаттар үшін қолдануға болмайды, себебі
жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Мотоараға 1-де 2 лазерін монтаждауға арналған белгілі бір
мақұлданған мотоаралар үшін ғана тұтқышты қолданыңыз.
Тұтқыш пен агрегатты мотоара сөніп тұрған кезде ғана монтаждауға
болады.
Реттеу үшін ара шынжырының тежегішін әрдайым қолданыңыз.
Осы агрегатты мотоарадағы лазерді қолданған уақытта ғана
қалдырыңыз – керісінше жағдайда, агрегатты тұтқыштан алып
тастаңыз және оны қауіпсіз жерде, сауыттың ішінде сақтаңыз, қажет
болғанда тұтқышты алып тастаңыз.
Агрегат тек қана сенімді қолданыс күйінде қолданылуы қажет –
жазатайым оқиға қаупі төне алады! Шанақ пен оптикасы ақаулы
болып табылатын агрегатты қолданбаңыз. Әрбір рет қолданудың
алдында агрегаттының тиісті күйін және дұрыс монтаждалған
тұтқышын тексеріп тұрыңыз.
Егер де 1-де 2 лазері арналымынан тыс жүктемеге ұшыраған болса
(мәселен, соққы немесе құлау нәтижесіндегі күштің әсерінен),
алдағыда жұмыс істер алдында агрегаттың қолданыс күйін және
қызмет атқаруын тексеріп алыңыз – жұмыс барысында қауіпті
болатын агрегатты ешбір жағдайда қолданбаңыз. Қандай да бір
күмән туындаса, мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
166

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido