Oppo RX17 Pro Manual Del Usuario página 19

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 5
OPPO ұялы телефонын таңдағаныңызға рахмет
Бұл нұсқаулық телефонды пайдалану жолын жəне оның маңызды
функцияларын көрсетеді. Сонымен қатар, телефон туралы көбірек ақпарат
алу үшін OPPO ресми сайтына кіріңіз.
Динамик
Дыбыс деңгей пернесі
Сенсорлық экран
Мəзір аймағы
Ескерту
Батарея қызып кету себебінен жарылуды болдырмау үшін телефонды
немесе батареяны жылыту жабдықтарының, плиталардың, жоғары
қысымды ыдыстардың (мысалы: микротолқынды пештер, индукциялық
плита, электр плита, жылытқыш, жылдам қайнатқыш, су жылытқыш, газ
пеші, т.б.) жанына немесе ішіне қоймаңыз.
Жарық датчигі
Қуат пернесі &
экран құлпының пернесі
Экрандағы саусақ ізі
Түпнұсқа зарядтағышты, деректер кабелін жəне батареяны пайдалану
керек. Рұқсат етілмеген зарядтағыштар, деректер кабельдері немесе
өндіруші тарапынан сертификатталмаған батареялар электр тоғының
соғуына, өртке, жарылысқа немесе басқа қауіптерге себеп болады.
Зарядтау кезінде құрылғыны қалыпты бөлме температуралы əрі жақсы
желдетілетін орынға қойыңыз. Құрылғыны 5°C~35°C температуралы ортада
зарядтауға кеңес беріледі.
Артқы қақпақты алып тастау мүмкін емес.
Телефонды өшіріп-қосу жолы
Телефонды өшіріп-қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысты арттыру түймесін
OPPO іске қосылу анимациясы көрсетілгенше басып тұрыңыз.
Ескі телефонда сақтағандарымды жаңа телефонға қалай жіберуге болады
Ескі телефондағы фотосуреттеріңізді, бейнелеріңізді, музыкалық
файлдарыңызды, контактілеріңізді, мəліметтеріңізді жəне
қолданбаларыңызды жылдам жіберу үшін OPPO компаниясының
"Телефонды клондау" функциясын пайдалануға болады. Ол былай істеледі:
1 Ескі Android телефоны болса, оны пайдаланып, төмендегі QR кодты
сканерлеңіз жəне "Телефонды клондау" қолданбасын орнатыңыз; жаңа
телефоныңызда "Телефонды клондау" қолданбасын тікелей ашыңыз.
Ескі iPhone болса, жаңа телефоныңыздың "Телефонды клондау"
қолданбасы арқылы iCloud идентификаторына тікелей кіріп, сканерлеуді
елемей өтуіңізге болады.
2 Экрандағы кеңестерді орындап, жіберіліп болғанша жалғастырыңыз.
19

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Cph1877

Tabla de contenido