Oppo Enco W51 Guia De Inicio Rapido página 38

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 21
Қазақ тілі
Bluetooth жұптастыру
1.
OPPO Enco W51 нағыз сымсыз құлақаспабын
алғаш рет баптап жатқан болсаңыз, ішіне
құлақаспап салынған қуаттағыш қапты ашыңыз.
Құлақаспап автоматты түрде телефонмен жұптаса
бастайды.
2.
Телефоныңыздың Bluetooth функциясын қосыңыз:
• Әдеттегі жұптау: жұптау процесін орындау үшін
Bluetooth экранында «OPPO Enco W51» дегенді
іздеңіз және таңдаңыз.
• Жылдам жұптау: OPPO Enco W51 нағыз сымсыз
құлақаспабын Bluetooth функциясы қосылған
OPPO телефонының жанында ұстаңыз. Телефонда
баптау туралы ескерту пайда болады.
Экрандағы нұсқауларға сәйкес жұптау процесін
орындаңыз.
※ Жылдам жұптау функциясы тек кейбір OPPO телефон
модельдерінде істейді. Толық ақпаратты www.oppo.com
сайтына кіріп алуға болады.
Басқа құрылғыларға жұптау
1.
Ішіне құлақаспап салынған қуаттағыш қапты
ашып, Функция түймешігін индикатор ақ түсті
болып жыпылықтағанша 2 секунд бойы басып
тұрыңыз. Құлақаспап жұптауға дайын күйге келеді.
2.
Құрылғыңыздың Bluetooth экранында жұптау
процесін орындаңыз.
Тиісті өлшемдегі амбушюра
Дәл болатын амбушюрада шуды жою функциясы
мен дыбыс сапасы жақсартылып, жайлылық
арттырылған. Есту жолыңызда тығыз тұратын
амбушюраларды таңдауға тырысыңыз. Сол жақ
және оң жақ құлағыңызға түрлі өлшемдегі
амбушюралар қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Басылатын басқару элементтері
• Келесі тректі ойнату: оң жақ құлақаспапты екі
рет басыңыз.
• Шуды жою функциясын қосу/өшіру: сол жақ
құлақаспапты екі рет басыңыз.
• Қоңырауларға жауап беру / қоңырауды аяқтау:
оң жақ құлақаспапты екі рет басыңыз.
• Дауысты көмекшіні ояту: сол немесе оң жақ
құлақаспапты үш рет басыңыз.
※ YOPPO телефоныңызда сол және оң жақ құлақаспаптың
басылатын басқару элементтерін қалауыңызға сай реттеп алуға
болады. Нұсқаның үйлесімділік мәселелеріне байланысты
кей OPPO телефон модельдерінде басылатын басқару
элементтерін қалау бойынша реттеу мүмкіндігі болмауы
ықтимал. Толық ақпаратты www.oppo.com сайтына кіріп
алуға болады.
※ Дауысты көмекші кей телефон маркаларында немесе
модельдерінде істемеуі мүмкін.
Bluetooth
OPPO Enco W51
34
Басылатын аймақ

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido