Егер осы құрылғыны медициналық мекемелерде пайдалануға тыйым
салынса, оны сөндіріңіз. Медициналық мекемелер RF дабылының әсеріне
ұшырауы мүмкін құрылғылармен жабдықталуы мүмкін.
Көлік құралдары
Автокөлікте – құрылғыны қауіпсіздік жастықтарының жанында
қалдырмаңыз, жастықтар іске қосылған жағдайда ол күрделі жарақаттарға әкеп
соғуы мүмкін.
Құрылғыны көлік құралын басқару кезінде пайдаланбаған жөн, кейбір
елдерде бұл тіпті заңсыз.
Көлік құралдарының электрондық жүйелері RF дабылының әсеріне
ұшырауы мүмкін. Осы сұрақ бойынша Өзіңіздің көлік құралыңыздың
өндірушісімен немесе оның өкілімен кеңесіңіз.
Авиакөлік
Ұшаққа отыру алдында құрылғыңызды сөндіріңіз. Қосулы телефон
борттық жабдықтың жұмысына әсер ететін кедергілер түзуі мүмкін.
Құлаққаптар
Даусын қатты шығарып әуен тыңдау есту қабілетіңізді қалпына
келмейтіндей етіп зақымдауы мүмкін. Сөйлескен немесе әуенді тыңдаған кезде
дауыс қаттылығының барынша аз жеткілікті деңгейін пайдаланыңыз.
Батареяларға күтім жасау жөніндегі ақпарат
Қуаттандыру алдында батареяны толықтай қуатсыздандыру міндетті
емес.