Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON NBL 4-22 Manual De Instrucciones página 268

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 49
3. Ауа үрлегіш құбырын сағат тілінің бағытымен ауа үрлегіш корпусына толықтай бұрап орнатыңыз.
5.6
Ауа үрлегіш құбырын бөлшектеу
1. Ауа үрлегіш құбырын сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Ауа үрлегіш құбырын ауа үрлегіш корпусынан тартып шығарыңыз.
5.7
Айналу жиілігінің диапазонын таңдау
1. Айналу жиілігінің диапазонын реттегіш дөңгелекті жоғары қарай бұрап, айналу жиілігінің диапазонын
төмендетіңіз.
▶ 3 айналу жиілігі диапазонының бірін таңдауға болады.
2. Айналу жиілігінің диапазонын реттегіш дөңгелекті төмен қарай бұрап, айналу жиілігінің диапазонын
көтеріңіз.
6
Қызмет көрсету
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.1
Өнімді қосу және өшіру
Өнімді қосу
1. Өнімді қосу үшін ажыратқышты басыңыз.
Өнімді өшіру
2. Өнімді өшіру үшін ажыратқышты жіберіңіз.
6.2
Үздіксіз жұмыс режимінің құлпын белсендіру
1. Ажыратқышты басып тұрыңыз.
2. Үздіксіз жұмыс режимінің құлпын басып тұрыңыз.
3. Ажыратқышты жіберіңіз.
▶ Ажыратқыш бұғатталған және өнім үздіксіз жұмыс режимінде жұмыс істеп тұр.
Үздіксіз жұмыс режимінің құлпын ажырату үшін ажыратқышты басыңыз. Үздіксіз жұмыс
режимінің құлпы бастапқы күйге автоматты түрде қайтып оралады.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
264
Қазақ
3
2353664
*2353664*

Publicidad

loading