Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GST 150 BCE Manual Original página 140

Ocultar thumbs Ver también para Professional GST 150 BCE:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
140 | Қазақ
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара полотносын салу/алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір
тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа) орнатыңыз. Ара
полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын
пайдаланыңыз.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын
u
тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
емес.
SDS иінтірегін (8) алға қарай тіркелгенше басып
тұрыңыз. Ара дискісін (10) кесік бағытындағы тістерімен
ара дискісінің бекіткішіне (13) тірелгенше жылжытыңыз.
Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы
бағыттауыш дөңгелектің (9) ойығында жатуына көз
жеткізіңіз.
Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз.
u
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара дискісін шығару (B суретін қараңыз)
Ара полотносын лақтыруда электр құралын ешбір
u
адам немесе хайуан лақтырылған ара полотносы
арқылы зақымдалмайтын ретте ұстаңыз.
SDS иінтірегін (8) алға қарай тірелгенше итеріңіз. Ара
дискісі босатылып шығады.
Жылжыма (C суретін қараңыз)
Сезімтал беттерді өңдеуде жылжыманы (14) тіреу
тақтасына (5) орнатып беттің қырылуының алдын
алыңыз.
Жылжыманы (14) орнатуда оны тіреу тақтасында (5)
асып арқасында басып тіретіңіз.
Жарылудан сақтайтын пластина (D суретін
қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (15) (керек-жарақтар)
ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау
дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану
тиіс. Тіреу тақтасын (5) жарылудан сақтайтын
пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа
жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (15) алдыңғы жақтан
тіреу тақтасына (5) кіргізіңіз.
1 609 92A 4VE | (04.04.2019)
Жылжыманы (14) пайдалану кезінде жарылудан
сақтайтын пластина (15) тіреу тақтасына (5) емес,
жылжымаға салынады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (16) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (16) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (11)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (16) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (11) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (17) тіреу тақтасының (5)
ойығына орнатыңыз.
Аспирациялық келте құбырдағы ойықтар F суретінде
көрсетілгендей тіреу тақтасының (5) тиісті саңылауына
тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш шлангын (18) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (17) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (18) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (15) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gst 150 ce