Descargar Imprimir esta página

Bosch GST 160 BCE Professional Manual Original página 138

Ocultar thumbs Ver también para GST 160 BCE Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
138 | Қазақ
– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар
бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен
жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (6) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (18), аспирациялық келте құбырды (19) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (17) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (19) сәл жоғары итеріп,
оны тіреу тақтасынан (6) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (18) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (17) алып тастаңыз.
– Тіреу тақтасының қыспа иінтірегін (22) босатып, тіреу
тақтасын (6) желілік кабельге қарай жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
жән сол жағында бірнеше тірелу нүктесі бар. Тіреу
тақтасын (6) шкалаға (21) сәйкес қажетті күйге
қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (6) ара дискісіне (11)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Тіреу тақтасын реттелген күйде бекіту үшін қыспа
иінтіректі (22) жауып қойыңыз.
Тіреу тақтасын жылжыту (H суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (6) арқыға
жылжытуға болады.
Тіреу тақтасының қыспа иінтірегін (22) ашып, тіреу
тақтасын (6) желілік кабельге қарай тірелгенше
жылжытыңыз. Тіреу тақтасын бекіту үшін қыспа иінтіректі
жауып қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасында (6) тек 0° еңіс
бұрышында аралауға болады. Оған қоса жарылудан
сақтайтын пластинаны (17) пайдалануға болмайды.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын жоңқаның үлкен
шығарылымымен ағаш, пластик және т.с.с. бойынша
жұмыс істеу үшін қосыңыз. Ол үшін реттегіш қосқышты
(7) "I" күйіне жылжытыңыз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын металл бойынша
жұмыс істеу үшін және шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз. Ол үшін қосқышты (7) "0" күйіне жылжытыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жарық диодты жұмыс шамын қосу
Жұмыс шамын (12) қосу немесе өшіру үшін жұмыс
шамының түймесін (1) басыңыз.
1 609 92A 65L | (06.11.2020)
Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Қосу/өшіру (GST 160 CE)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (3) ауыстырып-
қосқышта "І" көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3)
ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа
жылжытыңыз.
Қосу/өшіру (GST 160 BCE)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3)
басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (3) оны қысып ұстап
ысырманы (2) оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (3)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (3) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (3) өшірулі күйіне
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Тұрақты электроника
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелістер жиілігін тұрақты дерлік ұстайды және
біркелкі өнімділікті қамтамасыз етеді.
Жүріс санын басқару (GST 160 BCE)
Қосқышты/өшіргішті (3) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (3) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Жүріс санын алдын ала таңдау
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелек (4) көмегімен алдын ала таңдауға немесе
жұмыс кезінде өзгертуге болады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gst 160 ce professional