Descargar Imprimir esta página

Bosch GKS Professional 85 Manual Original página 154

Ocultar thumbs Ver también para GKS Professional 85:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
154 | Қазақ
Сынаны реттеу (GKS 85 G)
(B суретін қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жасырын кесіктерден басқа кездерде әрдайым
u
сынаны пайдаланыңыз. Сына аралау кезінде ара
төсемінің тұрып қалуына жол бермейді.
Реттеу минималды кесу тереңдігінде орындалады.
Электр құралын қорғаныш қаптаманың (1) бүйірлік
бөлігіне қойған жөн.
Қысқыш иінтіректі (28) босатып, араны тірек тақтасынан
(14) тартып шығарыңыз және қысқыш иінтіректі (28)
қайтадан тартыңыз.
Бұранданы (25) босатыңыз, сынаны (13) суретте
көрсетілген өлшемге реттеп, бұранданы (25) 8–9 Нм
шамасындағы тарту моментіне дейін бұрап бекітіңіз.
Сынаны бөлшектеу/орнату
Сынаны (13) бөлшектеу үшін бұранданы (25) босатып,
сынаны (13) шығарыңыз.
Орнату үшін сынаны (13) салып, бұрандамен (25)
бекітіңіз. Содан кейін алдында сипатталғандай сынаның
реттелуін тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (C суретін қараңыз)
GKS 85:
Сору адаптерін (26) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (17) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (26)
қосымша бұрандамен (27) бекітіңіз.
Сору адаптеріне (26) диаметрі 35 мм сору шлангын
жалғауға болады.
1 609 92A 4PY | (22.11.2018)
GKS 85 G:
Сору адаптерін (26) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (17) тірелгенше енгізіңіз.
Сору адаптеріне (26) диаметрі 35 мм сорғыш шглангіні
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(26) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангіні (33) шаңсорғышқа (керек-жарақ)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік тереңдігін реттеу (D суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (28) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (14) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (14) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (28) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (28) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (28) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (1) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандамаларды (16) және (8) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (6) шкаласында
орнатыңыз. (16) мен (8) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (29) көрсетілген саннан кем.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gks professional 85 g3 601 e7a 03 601 e7a 9