Descargar Imprimir esta página

Bosch EasyHedgeCut 18-45 Manual Original página 177

Ocultar thumbs Ver también para EasyHedgeCut 18-45:

Publicidad

Аккумуляторды енгізу/шығару (B суретін
қараңыз)
Нұсқау: Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (9) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды (9) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін (8) басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Қуаттандыру барысы
Қуаттандыру барысы құралдың желі айыры электр
розеткасына енгізіліп, аккумуляор (6) қуаттандыру
құралына (10) енгізілген сәтте басталады.
"Ақылды" қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Көрсеткіш элементтерінің мағынасы
(AL 1815 CV)
Аккумулятор зарядтау индикаторының
жыпылықтауы
Зарядтау әдісі аккумулятордың зарядтау
индикаторының жыпылықтауы арқылы
белгіленеді.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің тұрақты
жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
Full
тұрақты жануы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылып қойылғанын немесе
аккумулятордың температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температуралық аумағынан тыс болып, осының
себебінен қуаттандырыла алынбайтынын білдіреді.
Ұйғарынды температура деңгейі орнатылған сәтте
аккумулятор қуаттандырылатын болады.
Ішіне аккумулятор енгізілмеген жағдайда
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің тұрақты
жануы желі айырының электр розеткасына енгізіліп,
қуаттандыру құралы іске қосу үшін дайын болып
тұрғанын білдіреді.
Көрсеткіш элементтерінің мағынасы
(AL 1830 CV/AL 1880 CV)
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (тез) жыпықтап тұруы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл түспен тез жыпықтап тұруы арқылы білдіріледі.
Bosch Power Tools
Ескертпе: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (баяу) жыпықтап тұруы
Аккумулятордың қуаттандыру күйі шамамен
80% жеткенде, аккумулятордың
қуаттандыру көрсеткіші жасыл түспен баяу жыпықтап
тұрады.
Аккумуляторды дереу пайдалану үшін шығарып алуға
болады.
Жасыл түсті аккумулятор зарядталуының жасыл
жарық диодының үздіксіз жануы
Жасыл түсті аккумуляторды зарядтау жарық
Full
диодының үздіксіз жануы аккумулятордың
толық зарядталғанын білдіреді.
Аккумуляторсыз жарық диодының үздіксіз жануы
айырдың розеткаға салынып зарядтау құралы жұмыс
істеуге дайын екендігін білдіреді.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің қызыл
түспен тұрақты жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл түспен тұрақты жануы
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыруға ауысады.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің қызыл
түспен жыпықтап жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл түспен жыпықтап жануы
қуаттандыру барысында пайда болған басқа
ақаулықтарын білдіреді, "Қателер – себептері мен көмек"
тарауын қараңыз.
Басқару
Қосу/өшіру (C және D суреттерін қараңыз)
Құралды іске қосу үшін алдымен қосуды бұғаттау
түймешігін басып (3), жібермей баса ұстап беріңіз. Одан
кейін Қосқышты/өшіргішті (2) басып, жібермей біраз
баса ұстап тұрыңыз.
Құралды өшіру үшін алдымен қосуды бұғаттау түймешігін
босатып (3), одан кейін Қосқыш/өшіргішті (2) босатып
жіберіңіз.
Тіліп аралау функциясы
Бұтақтарды кесу үшін арналған тісті тегершек
ашылуының диаметрі Ø 20 мм дейін болғаны рұқсат
етілсе де, пышақ ұстағышының ұшы диаметрі Ø 25 мм
дейін болған кесулер үшін қарастырылған.
Қазақ | 177
F 016 L81 850 | (23.11.2018)

Publicidad

loading