Көмір сүзгісі
6.2 Май сүзгісін тазалау
Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы
жақтарында қысқыштар мен қадауыштар
пайдаланылған.
Сүзгіні тазалау үшін:
1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі
панеліндегі бекіту қысқышының
ұстағышын басыңыз (1).
1
2
2. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай
аздап еңкейтіңіз (2), содан кейін
тартыңыз.
Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды
қайталаңыз.
3. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш
заттарды қолданып жөкемен немесе
ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмен
температураны және қысқа циклді
орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі
мүмкін, бұл құрылғының жұмыс
істеуіне әсер етпейді.
4. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы
екі қадамды керісінше орындаңыз.
Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі
тазаланғанына байланысты болады. Белсендірілген көмір сүзгісін жуу мүмкін емес,
регенерациялау мүмкін емес және оны шамамен 4/6 ай пайдаланған сайын немесе
өте ауыр пайдалану үшін жиірек ауыстырып тұру керек.
Қажет болса, барлық сүзгілер үшін
қадамдарды қайталаңыз.
6.3 Көмір сүзгісін ауыстыру
ЕСКЕРТУ!
Көмір сүзгісін жууға БОЛМАЙДЫ!
Сүзгіні қалпына келтіру мүмкін емес!
Көмір сүзгісін ауыстыру үшін:
1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып
алыңыз.
Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау»
бөлімін қараңыз.
2. Сүзгіні сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз (1), содан кейін тартыңыз (2).
Сүзгіні қайта орнына қою үшін қадамдарды
керісінше орындаңыз.
Кез-келген жағдайда сүзгілерді кем
дегенде төрт ай сайын ауыстыру керек.
6.4 Шамды ауыстыру
Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек
іске қосу құралымен (ЖШД драйвері)
жабдықталған. Бұл бөлшектерді техник
қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған
жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары"
тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін
қараңыз.
122
1
2