Descargar Imprimir esta página

Hotpoint Ariston BD 24 /HA Serie Manual De Instrucciones página 58

Frigorofico de 2 puertas

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 41
Орнату
! Тоңазытқышты тоққа қоспас бұрын, алдымен
KZ
нұсқаулықтармен мұқият танысып алыңыз. Оларда
тоңазытқышты пайдалану, орнату және күтіп ұстау
жөнінде маңызды ақпараттар болады.
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта
пайдалану барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
1.Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін
бөлмеге орналастырыңыз.
2.Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді
бекітпеңіз: компрессор және конденсатор өзінен жылу
бөледі және жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп
тұруды талап етеді, ол тоңазытқыштың дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді және электр қуатын тұтунуды
азайтады.
3. Құрылғының үсті мен одан жоғары орналасқан
кез келген жиһаз арасында кем дегенде 10 см, ал
бүйірлері мен кез келген жиһаз/қабырғалар арасында
кем дегенде 5 см бос орын қалдырыңыз.
4.Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ
орналастырыңыз (күн сәулесінің тура түсуінен
сақтаңыз, сонымен қатар электр ас үй пешіне жақын
орналастырмаңыз).
5. Құрылғы мен қабырға арасында тиісті аралықты
сақтау үшін орнату жинағында берілген төсемдерді
нұсқауларға сәйкес қойыңыз.
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде
орналастырыңыз және электр тогына қоспас бұрын кем
дегенде 3 сағаттай күтіңіз. Тоңазытқышты электр тогына
қоспас бұрын, мыналарды тексеріп алыңыз:
• розетка заңға сәйкес жерге тұйықталып тұруы керек;
• розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ
бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек
(мысалы: 150 Ватт);
• тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан
ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі
керек (мысалы: 220-240 Вольт)
• розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек.
• сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның
көмегімен ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара);
ұзартқыш пен көп көзді тоқты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай
етіп орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы
керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек,
және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен
ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін
сақтамаған жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік
көтермейді.
58

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Bd 2423/ha