Descargar Imprimir esta página

Bosch GHE 18V-60 Manual Original página 162

Ocultar thumbs Ver también para GHE 18V-60:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
162 | Қазақ
Аккумуляторды күту
Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз
ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып
жүріңіз:
– Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
қорғап жүріңіз.
– Электр құралды және аккумуляторды температура
аумағы -20 °C және 50 °C аралығында болған
жерлерде ғана сақтаңыз. Аккумуляторды, мысалы,
жазда көлікте қалдырмаңыз.
– Аккумуляторды бақ электр бұйымнан шығарып алып,
бақ электр бұйымнан бөлек сақтаңыз.
– Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда
аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде
қалдырмаңыз.
– Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура
деңгейі болып 5 °C саналады.
– Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Басқару
Қосу/Өшіру (C − D суреттерін қараңыз)
Аккумулятор толығымен енгізіліп, "сырт" дыбысы
естілгенде (B суретін қараңыз), құралды іске қосу үшін
алдыңғы айырып-қосқышын (3) және артқы тұтқадағы
айырып-қосқышын (2) бірге басыңыз (C суретін
қараңыз).
Құралды өшіру үшін, артқы тұтқадағы айырып-қосқышын
(2) немесе алдыңғы айырып-қосқышын (3) босатыңыз,
немесе осылардың екеуін де бірге босатыңыз (D суретін
қараңыз).
Бақ қайшысымен жұмыс істеу (E суретін
қараңыз)
Бақ қайшысын біркелкі түрде кесу жолымен алға қарай
жылжытыңыз. Екіжақты пышақ ұстағышы арқасында екі
Қателерді белгілеу
Симптомдар
Мүмкін болған себептер
Бақ қайшысы жұмыс
Аккумулятор қуатсызданып қалған
істемей тұр
Аккумулятор дұрыс енгізіліп орнатылмаған
F 016 L94 563 | (18.04.2023)
бағытта кесу немесе бір жақтан басқа жаққа қарай
тербелгіш қозғалыстарының өткізілуі мүмкін болады.
Бұталарды алдымен бүйірінен, одан кейін үстіңгі
жақтарынан кесіңіз.
Бұталардың бүйірлерін біркелкі түрде тегіс қылып кесу
үшін, бұтаны оның өсу бағытымен, яғни төменнен
жоғарыға қарай кесуіңіз лазым. Бұталарды жоғарыдан
төменге қарай кескен жағдайда жұқалау бұтақтар тысқа
қарай шығып тұрып, осының салдарынан бұталарда жұқа
жерлер немесе саңылаулардың пайда болуы мүмкін.
Кесу барысының соңында бұтаның үстіңгі жағын біркелкі
түрде кесу үшін, бұтаның бүкіл ұзындығы бойынша
Өзіңізге керекті биіктікте реттеуіш жібін керіп қойыңыз.
Басқа заттардың, мысалы сымдардың, кесіліп қалмауына
назар аударып жүріңіз. Себебі бұл пышақтың немесе
жетектің зақымданып қалуына апара алады.
Бұғаттауға қарсы механизмі
Кесу пышағы кесу барысында бекем материалда
бұғатталып қалған жағдайда қозғалтқыш жүктемесі
шамадан асып кетеді. Жүктемеінің осы шамадан асып
кетуі "ақылды" микроэлектроника жүйесі арқылы
белгіленіп отырып, қозғалтқыштың реттеліп, бірнеше рет
қайта ауыстырылып, осының арқасында кесу пышағының
бұғатталып қалуын болдырмауы мен материалдың тіліп
кесілуі қамтамасыз етіліп отырады.
Осы, айырып-қосқыш басылып тұрған уақытта естілетін
ауыстырылу 15 айналымға дейін өткізіліп тұрады.
Қайтала орындалатын, ауыр кесу әрекеті өткізілсе
бұғатталуға қарсы функциясын, осы функцияның
баптауын қалпына келтіру үшін, 15 минут үшін өшіріп
қоюға болады.
Материалды тіліп кескеннен кейін бақ электр құралы
қалыпты түрде әріғарай жұмыс істей береді, немесе
жүктемесі шамадан тыс асып кетіп тұрған жағдайларда
кесу пышағы автоматты түрде ашылып тұрған қалыпта
тұрып қалады (мысалы, металлдан жасалған дуалдың бір
бөлшегі кездейсок түрде бақ электр құралын бұғаттап
қалғанда).
Көмек
Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз,
"Қуаттандыру бойынша нұсқаулар" тарауын
оқыңыз
Бұғаттау сатылардың екеуі де толығымен
енгізіліп орнатылуын тексеріңіз
Bosch Power Tools

Publicidad

loading