Пайдалану
Пайдалану алдында жұмыс аймағында
1.
шлангіні зақымдай алатын өткір заттардың
жоқтығына көз жеткізіңіз.
2.
Суды қасыңыздағы адамдарға,
жануарларға, электрлік қондырғыға немесе
кернеулі бөліктерге құймаңыз немесе
шашыратпаңыз.
3.
Ауыз суға пайдалануға болмайды.
Агрессивті химиялық заттарды немесе
4.
тұтанғыш сұйықтықтарды сормаңыз.
5.
Аймақта балалар, адамдар және үй
жануарлары болмауы тиіс. Барлық бала,
адам және үй жануары кемінде 5 м радиус
қашықтықта тұруы тиіс.
6.
Төмендегі жағдайларда машинаны өшіріп,
аккумулятор картриджін шығарыңыз және
барлық қозғалмалы бөлшектерінің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз:
•
машинаны қараусыз қалдырған кезде;
•
бітелген саңылауларды тазалау
алдында.
•
машинаны тексеру, тазалау немесе
онымен жұмыс істеу алдында;
•
машина әдеттен тыс дірілдей
бастағанда;
7.
Машинаны күндіз немесе жақсы
жарықтандырылған жерде пайдаланыңыз.
Құралға қарай қатты ұмтылмаңыз және
8.
әрдайым тұрақты және тепе-теңдік
сақтайтын қалыпта тұрыңыз.
9.
Көлбеу жерде болған кезде тұрақты қалыпта
тұрыңыз.
10. Машинаны ұсынылған күйде және тұрақты
бетте пайдаланыңыз.
11.
Машинаны биік жерлерде пайдалануға
болмайды.
12. Құрылғы кез келген бір затқа соғылса,
не болмаса құрылғыда әдеттен тыс шу
немесе діріл сияқты біртүрлі құбылыс
пайда болса, құрылғыны дереу өшіріп
тоқтатыңыз. Құрылғы зақымдалған болса,
Makita компаниясының өкілетті сервистік
орталығына хабарласып жөндетіңіз.
13. Байқаусызда іске қосылуына жол
бермеңіз. Аккумулятор картриджін салу,
машинаны көтеру немесе тасу алдында,
ауыстырғыш өшірулі күйде тұрғанына көз
жеткізіңіз. Машинаны тасығанда саусақты
ауыстырғышқа қою немесе ауыстырғышы
қосулы машинаны қуат көзіне қосу
салдарынан жазатайым оқиға орын алуы
мүмкін.
14. Машинаны жинау немесе реттеу алдында,
оны өшіріп, аккумулятор картриджін
шығарыңыз.
15. Машинаны іске қосу алдында жеке
қорғаныс құралдарын киіңіз.
16. Машинаны іске қосу алдында машинаның
зақымдары, босап кеткен винттер/
гайкалар жоқ екеніне немесе қате
құрастырылмағанына көз жеткізіңіз. Барлық
ауыстырғыштың оңай өшіп қосылатынын
тексеріңіз. Тұтқаларды тазалап, кептіріңіз.
17. Машина немесе шланг зақымдалған немесе
толық жиналмаған болса, машинаны іске
қосуға болмайды.
18. Оператордың дене өлшеміне сәйкес болуы
үшін иық белбеуі мен сапты реттеңіз.
19. Жұмыс кезінде иық белбеуін
пайдаланыңыз. Машинаның оң жағыңызда
берік ұстаңыз.
► Сурет2
20. Алдыңғы тұтқаны сол қолыңызбен
және артқы тұтқаны оңақай не солақай
болғаныңызға қарамастан оң қолыңызбен
ұстаңыз. Саусақтарыңыз және бас
бармақтарыңызбен тұтқаларды ұстаңыз.
21. Ешқашан бір қолыңызбен машинаны
пайдалануға тырыспаңыз. Ие бола алмай
қалсаңыз, жарақатқа әкелуі мүмкін.
22. Электрлік қондырғыны дұрыс пайдалану
үшін нұсқаулығындағы нұсқауларды
орындаңыз.
23. Машинаны іске қосу және басқару бойынша
қуат блогының нұсқаулығын қараңыз.
24. Жұмыс кезінде құралды әрдайым екі
қолыңызбен ұстаңыз. Пайдалану кезінде
құралды бір қолмен ұстамаңыз.
25. Құралды нашар ауа райында немесе
найзағай тию қаупі бар болған жағдайда
пайдаланбаңыз.
26. Жұмысты бастамас бұрын, иық белбеуінің
құралға дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
27. Құрылғыны суға батырмаңыз немесе
машинаны дымқыл бетке қоймаңыз.
28. Құралды сыртта жаңбыр астында қараусыз
қалдырмаңыз.
29. Пайдаланған кезде немесе жұмыс орнын
көшіргенде, аяғыңыздың астындағы
шлангілерге немесе құбырларға шалынып
қалмаңыз.
30. Машинаны лайлы жерде, ылғалды көлбеуде
немесе тайғақ жерде пайдаланған кезде,
тұрған жеріңізге назар аударыңыз.
Тасымалдау
1.
Тасыған кезде машинаны тоқтатыңыз.
Әйтпесе ол абайсызда іске қосылып адамды
жарақаттауы мүмкін.
Діріл
1.
Шамадан тыс дірілге ұшыраған жағдайда,
оператордың қан тамырларына немесе
жүйке жүйесіне зақым келеді және
саусақтарында, қолдарында немесе
білектерінде келесі симптомдар пайда
болады: "Ұйқыға кету" (қозғалмай қалу),
шаншу, ауыру, шаншып ауыру сезімі,
тері түсінің немесе терінің өзгеруі. Осы
симптомдардың біреуі пайда болса,
дәрігерге қаралыңыз.
"Ақ саусақ ауруы" қаупін азайту үшін
қолыңызды жылы ұстаңыз және машина
мен керек-жарақтарды дұрыстап ұстаңыз.
239 ҚАЗАҚША