мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Құрылғыны оқшауланған қысқыш беті мен
u
қосымша қысқыш арқылы ұстаңыз. Алмалы-
салмалы аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз
желі кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Басылған сөндіргішті (2) бекіту үшін сөндіргішті (2) одан
әрі алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті (2) жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті (2) қысқа уақыт бойы
басыңыз және жіберіңіз.
Бекітілмейтін сөндіргіш (елге байланысты):
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қайта қозғалу сақтағышы
(GWS 27-180 J / GWS 27-230 J)
Қайта қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін электр
құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (2) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Бірқалыпты іске қосу
(GWS 27-180 J / GWS 27-230 J)
Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі
айналу моментін шектеп, электр құралын бірқалыпты іске
қосуға мүмкіндік береді.
Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін бірден толық
айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу
жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік
қызметке жіберіңіз (мекенжайларды «Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан
қараңыз).
Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Нұсқау: Пайдаланбағанда желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралында желі айыры қосулы
болып желіде кернеу барысында өшірулі болғанда да
аздап тоқ тұтынады.
Сыдырып тегістеу
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
u
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес
беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш
тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы
азырақ болады.
Металды кесу
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
u
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (13).
Ажарлау шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан айналу
бағытына қарсы жүргізу керек.
Әйтпесе бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы
құбырларды кесу кезінде кесуді ең
аз көлденең қимада бастаңыз.
Қазақ | 179
1 609 92A 8TP | (19.09.2023)