Descargar Imprimir esta página

Metabo WPB 13-125 Quick Manual Original página 129

Ocultar thumbs Ver también para WPB 13-125 Quick:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 45
WPB..., WEVB 1...:
2-беттегі B суретін қараңыз.
- Тіреуіш фланецті (14) шпиндельге орнатыңыз.
Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда
дұрыс орнатылған деп есептеледі.
- Ажарлағыш дөңгелекті тіреуіш фланецке (14)
орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек
тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3
Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Quick қыспа гайкасын (1) бекіту:
Quick қыспа гайкасын (1) тек «Metabo Quick
жүйесі» бар аспаптарға орнатыңыз. Бұл
аспаптарды «M-Quick» жазбасы бар қызыл түсті
шпиндель бекіткішінің түймесі (4) арқылы тануға
болады
Егер қысу диапазонындағы алмалы-
салмалы құралдың қалыңдығы 7,1 мм
шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын
пайдалануға тыйым салынады! Бұл жағдайда
екі саңылаулы гайканы (15) екі саңылаулы
кілтпен (16) бірге пайдаланыңыз.
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Quick қыспа гайкасын (1) 2 шығыңқы жер
шпиндельдің 2 ойығына кіретіндей
шпиндельге (2) орнатыңыз. 2-беттегі суретті
қараңыз.
- Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен
қолмен бұрап тартыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті сағат тілінің
бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа
гайкасын тартыңыз.
Quick қыспа гайкасын (1) босату:
Quick қыспа гайкасы (1) орнатылып
тұрғанда ғана, шпиндельді қызыл түсті M-
Quick бекіткіш түймесімен (4) тоқтатуға рұқсат
етіледі!
- Аспап өшірілгеннен кейін инерция бойынша
қозғала береді.
- Ажарлағыш дөңгелек толық тоқтамас бұрын
қызыл түсті M-Quick шпиндель бекіткішінің
түймесін (4) басыңыз. Quick қыспа гайкасы (1)
өз бетінше шамамен бір жарым айналымға
босайды да, оны қосымша күш немесе арнайы
құрал қолданбай бұрап шығаруға болады.
7.4
Екі саңылаулы гайканы бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Екі саңылаулы гайканың 2 жағы бір-бірінен
өзгешеленеді. Екі саңылаулы гайканы
шпиндельге төмендегідей бұрап орнатыңыз:
2-беттегі C суретін қараңыз.
- X) Жұқа ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Екі саңылаулы гайканың (15) буылтығы
ажарлағыш дөңгелекті мықтап қысу үшін
жоғары қарап тұр.
Y) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Екі саңылаулы гайканың (15) буылтығы екі
саңылаулы гайканы шпиндельге берік бекіту
үшін төмен қарап тұр.
- Шпиндельді бекітіңіз. Екі саңылаулы гайканы
(15) екі саңылаулы кілттің (16) көмегімен сағат
тілінің бағытымен бұрап тартыңыз.
Екі саңылаулы гайканы босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). Екі
саңылаулы гайканы (15) екі саңылаулы кілттің
(16) көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап шығарыңыз.
8. Пайдалану
8.1
Айналу жиілігін реттеу (жабдықталуға
байланысты)
Реттегіш дөңгелекте (8) ұсынылған айналу
жиілігін реттеңіз. (Кіші сан = төмен айналу
жиілігі; үлкен сан = жоғары айналу жиілігі)
Абразивті кескіш, ажарлағыш дөңгелек,
ажарлағыш бастиек, алмасты кескіш дөңгелек:
жоғары айналу жиілігі
Қылшақ: орташа айналу жиілігі
Тіреуіш ажарлағыш табақша: төмен-орташа
айналу жиілігі
Нұсқау: жылтырату жұмыстары үшін біздің
бұрыштық жылтыратқышты пайдалануға кеңес
береміз.
8.2
Қосу/өшіру
Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап
тұрыңыз.
Алмалы-салмалы құралды дайындамаға
тек қосулы күйінде апарыңыз.
Кенет іске қосылуына жол бермеңіз:
желілік аша розеткадан суырылған немесе
токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым
аспапты өшіріңіз.
A..., WBA..., WEA..., WEVA..., WEBA...,
W...RT: үздіксіз жұмыс режимінде аспап
қолдан түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс
істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен
арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты
қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды
орындалатын жұмысқа аударыңыз.
Аспапқа шаң мен жоңқаның құйындауын
немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты
өшіргеннен кейін қозғалтқыш толықтай
тоқтағанша қоймаңыз.
Ауыстырып-қосқышы бар аспаптар:
0
Қосу: ауыстырып-қосқышты (5) алға
жылжытыңыз. Үздіксіз жұмыс режимі үшін
ауыстырып-қосқышты тірелгенше төмен
қайырыңыз.
Өшіру: ауыстырып-қосқыштың (5) артқы ұшын
басып жіберіңіз.
ҚАЗАҚША kk
5
I
129

Publicidad

loading