тастаған кезде дисплейде
теріс мәнді білдіретін «-»
белгісі пайда болады.
Ескертпе:-
Өлшеуге болатын ең
жоғарғы салмақ —
8 кг. Бұған барлық
ингредиенттердің жалпы
салмағы мен контейнердің
салмағы кіреді.
8 кг құрайтын өлшеуге
болатын ең жоғарғы
салмақты асырып, таразыны
шамадан артық жүктемеңіз.
Кері жағдайда өлшеу
сенсоры зақымдалуы мүмкін.
Құрылғының
автоматты түрде
өшуі:
Таразыда 3 минут бойы бірдей
салмақ көрсеткіші көрсетіліп
тұрса, таразы автоматты түрде
өшеді.
Қолмен өшіру:
Батарея қуатын үнемдеу үшін
таразыны пайдаланбайтын
кезде өшіріп қойыңыз. Ол
үшін дисплей өшкенше «on/
zero (қосу/нөлдеу)» сенсорлық
тақтасын басып ұстап
тұрыңыз.
Күту және тазалау
Таразы мен резеңке
төсенішті дымқыл
шүберекпен сүртіңіз
де, жақсылап кептіріңіз.
Тазалау үшін абразивті
немесе химиялық заттарды
қолданбаңыз.
Сонымен қоса резеңке
төсенішті қолмен жуып,
кептіруге де болады.
Заттарды тікелей өлшеу
платформасының бетіне
орналастырмай тұрып,
әрдайым оның таза болуын
тексеріңіз. Тамақты тікелей
резеңке төсеніштің бетіне
қоймаңыз.
Өлшеу кезінде заттарды
өлшеу платформасының
шетіне емес, ортасына
қойыңыз.
Ыстық тамақты немесе
кәстрөл сияқты
ыстық ыдысты өлшеу
платформасына немесе
резеңке төсенішке
қоймаңыз.
Өлшеу платформасында
немесе резеңке төсеніште
тамақ өнімдерін турауға
болмайды, өйткені пышақ
сияқты өткір заттар бетті
зақымдайды.
Таразыны немесе
резеңке төсенішті бетті
зақымдауы мүмкін қатты
хош иістендірілген/
боялған тағамның немесе
қышқылдардың (мысалы,
цитрустық жемістердің
цедрасы) жанына қоймаңыз.
Таразыны жоғары
электрмагниттік өрістердің
(мысалы, сымсыз портативті
телефон, компьютер және
т. б.) әсеріне ұшыратпаңыз,
өйткені бұл таразының
жұмысына және дәлдігіне
кедергі келтіреді.
Сенсорлық тақталарды
қатты күш салып баспаңыз
және оларды басқару үшін
ешқашан үшкір заттарды
қолданбаңыз.
Бұл құрылғы тағаммен бірге
қолданылатын материалдар
мен заттар бойынша
1935/2004 ЕС ережесіне сай
келеді.
64