Кесіп Тегістеу; Дөрекі Тегістеу - Hilti AG 180-20 (D/P) Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
3. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
7
Қызмет көрсету
7.1
Тегістеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап кенет бұғатталуы не ілініп қалуы мүмкін.
▶ Аспапты міндетті түрде тұтқасымен пайдаланыңыз және аспапты екі қолмен берік ұстаңыз.
7.1.1
Кесіп тегістеу
▶ Кесіп тегістеу кезінде қатты беріліспен жұмыс істемеңіз және өнімді немесе кесу дискісін
еңкейтпеңіз (шамамен 90° кесу деңгейіне).
Профильдер және төрт бұрышты қимасы бар шағын құбырлар кесіп тегістеу дискісі ең кіші
көлденең қимаға өткенде жақсырақ кесіледі.
7.1.2
Дөрекі тегістеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Кескіш шайба жарылуы немесе сынып қалған бөліктері жарақаттануға апарып
соғуы мүмкін.
▶ Кесу дөңгелектерін сиырып тегістеуге қолдануға мүлде тыйым салынады.
▶ Аспапты 5° - 30° орнату бұрышымен және бірқалыпты қысыммен жан-жаққа жылжытыңыз.
➥ Өңделетін зат қызбайды, боялмайды және онда іздер қалмайды.
7.2
Қосу/өшіру
7.2.1
Қосу
6
1. Сақтандырғыш ажыратқышты басып, қосқыш/ажыратқыштың құлпын ашыңыз.
2. Қосқыш/ажыратқышты толығымен басыңыз.
➥ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұр.
7.2.2
Өшіру
▶ Қосқыш/ажыратқышты жіберіңіз.
➥ Сақтандырғыш ажыратқыш автоматты түрде құлыптау күйіне орнатылып,
тоқтатылады.
8
Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ щеткамен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
*2075442*
2075442
қозғалтқыш
Қазақ
205

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido