Таңбалардың Сипаттамасы; Қолданысқа Дайындау - Viking EVC 4000 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
5. Таңбалардың
сипаттамасы
Назар аударыңыз!
Жұмысты бастау алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Өрт қаупі бар!
Іштен жанатын қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрған немесе
қатты қызған кезде
ешқашан отын құймаңыз.
Бензин жанғыш болып
табылады жəне жарылғыш
буды шығарады.
Улану қаупі бар!
Зиянды газдардың ішке
тартылуын болдырмаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқыш
газдарының құрамында
улы көміртек тотығы жəне
басқа да зиянды заттар
бар.
Өрт қаупі бар!
Ыстық беттерге тиіспеңіз.
Іштен жанатын
қозғалтқыштың
бөлшектері, əсіресе
коллектор мен дыбысты
басқыш аса ыстық болады.
Коллектордың үстіндегі жапсырма:
124
Ескерту – өрт қаупі бар!
Коллектор қатты қызып кетеді.
Тиіспеңіз!
6. Қолданысқа дайындау
6.1 Майдың толтыру деңгейін
тексеру жəне мотор майын құю
Іштен жанатын қозғалтқыш
стандартты 4 тактілі мотор майына
арналған.
VIKING төмендегі мотор майларын
пайдалануға кеңес береді:
– VIKING SAE 30
– VIKING 10W-30
Май маркасы VIKING бақша телімін
күтуге арналған қондырғысының
қолдану аясында басымды сыртқы
температураларға бейімделген:
4° C жоғары температураларда
қолдану:
SAE 30
4° C төмен температураларда қолдану:
SAE 10W-30
Май сыйымдылығы:
Алғаш рет толтыру 1,2 литр
Май ауыстыру 1,0 литр
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Іштен жанатын қозғалтқыш мотор
майынсыз жеткізіледі. Сондықтан
алғаш рет іске қосудан бұрын
мотор майын құйыңыз.
Рұқсатты май деңгейінен асыру
жəне төмендету іштен жанатын
қозғалтқыштың зақымдалуына
апарып соғуы мүмкін.
2
● VIKING бақша телімін күтуге
арналған қондырғысын тегіс бетке
қойыңыз, іштен жанатын
қозғалтқышты өшіріңіз.
● Май деңгейі көрсеткішінің айналасын
тазалап шығыңыз.
● Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
шығарыңыз жəне сүртіңіз.
● Май деңгейінің көрсеткішін (1) құю
келте құбырына енгізіңіз – бұрап
бекітпеңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін қайтадан
алып тастаңыз жəне деңгей
шкаласындағы (2) май деңгейін
қараңыз.
● Қажет болса, мотор майын ең жоғары
май деңгейіне дейін құйыңыз.
Арнайы шұңғыма пайдаланыңыз.
● Май деңгейінің көрсеткішін (1)
қайтадан бұрап бекітіңіз де, төгіліп
қалған мотор майын сүртіңіз.
6.2 Жанармай
Іштен жанатын қозғалтқыш
этилденбеген бензин үшін мақұлданған.
Этилденбеген бензин азырақ
қалдықтармен жанады, от алдыру
білтесіндегі тұнбаларды азайтады жəне
газ шығару жүйесінің қызмет ету
мерзімін ұзартады.
0478 983 9901 A - KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido