Аспапты өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Аспап жұмысында ақаулар анықталған жағдайда жақын жердегі сервистік орталыққа жолығыңыз.
Аспапты қолдану барысында ет тартқыштың блогында кішігірім люфт болады, бұл ақау болып табылмайды.
Қозғалысты тоқтату үшін бекіткіш сақинаны қатты бұрамаңыз, бұл оның сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ет тартқыштың алынбалы металл бөлшектері (шнек, торлар, пышақ) қолданған соң тотығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдайда және ақау болып табылмайды.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Аспапты ашып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Аспаптың барлық құрамдастарының барын және зақымдардың жоғын тексеріңіз.
Аспапты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазартыңыз. Моторлық блокты суға салмаңыз.
Жинар алдында аспаптың барлық бөліктері кебуі тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Ет тартқышты өшіріп, қозғалтқыштың толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Жинаудың кері тәртібінде ашыңыз.
Алынбалы блоктың бекіткіш-түймешігін басып, ет тартқыштың блогын сағат тілімен бұрып, моторлы блоктан ажыратыңыз.
Ет тартқыштың барлық бөлшектерін пайдаланған соң бірден тазартыңыз.
Моторлы блок, электр қоректендіру бауы мен ашаны суға батырмаңыз. Моторлы блокты дымқыл матамен сүртіңіз.
Ет тартқыштың азық-түлікке тиген барлық бөлшектерін жуу құралымен жылы суға жуыңыз.
Тазалау үшін абразивті және хлорлы заттар немесе органикалық еріткіштер қолданбаңыз.
Аспаптың металл бөліктерін (торлар, пышақ, шнек, бекіткіш бұранда, алынбалы блок) ыдыс жуғыш мәшинеде жумаңыз!
Ет тартқыштың металл бөліктерін жуу үшін 40℃-ден жоғары температуралы ыстық су қолданбаңыз, өйткені бұл олардың тотығуын тездетеді.
Жуған соң металл бөліктерді құрғақ матамен сүртіңіз.
Таза және кептірілген пышақ пен торларды өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.
Егер ет тартқыш ұзақ уақыт қолданылмаса, оның барлық металл бөліктерін өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспаптың кескіш жүздері өте өткір және қауіпті. Жүздерді орнатқанда, алғанда және жуғанда абай болыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қоректену
220 – 240 Вольт, 50 Герц
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҮЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН
БАСҚАЛАР) ТАРАЛМАЙДЫ.
Аспап жасалу күнін бұйым қорабындағы сәйкестендіру стикерінде және/немесе бұйымның өзіндегі стикерде табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады,
4-ші және 5-ші белгі аспаптың жасалу айын, 6-шы және 7-ші белгі жылын білдіреді.
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын ала ескетпей өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Өндіруші зауыт:
Cosmos Far View International Limited
Room 701, 16 apt, Lane 165, Rainbow North Street, Ningbo, China
Қытайда жасалған
BLR КІРАЎНІЦТВА ПА ЭКСПЛУАТАЦЫІ
Максималды қуат /
Нетто / брутто салмағы
Номиналды қуат
1800 Ватт / 800 Ватт
14
Қорап өлшемдері (Ұ х Е х Б)
2,3 кг / 2,7 кг
270 мм х 215 мм х 230 мм