OBJ_BUCH-2058-004.book Page 128 Tuesday, January 3, 2017 11:21 AM
128 | Қазақша
Қолыңыз және аяғыңызбен
айналып тұратын кесу
элементтерінің жанына келмеңіз.
Бұл триммер үшін ешқашан
металлдан жасалған кесу
элементтерін қолданбаңыз.
Триммерді үнемі тексеріп және
күтіп жүріңіз.
Триммердің жөндетуін тек қана
арнайы шеберхана мамандары
арқылы өткіздіріңіз.
Ауалау саңылауларында шөп
қалдықтарының болмауын
әрқашан тексеріп жүріңіз.
Жіпті ұзындығынан кесетін,
электрбұйым ішінен орнатылған
пышақ арқылы түсе алатын
жарақаттанудан өзіңізді
сақтандырыңыз. Жіпті
толтырғаннан/өткізгеннен кейін
триммерді қосу алдынан оны
әрқашан көлденең жұмыс
қалпына бұрыңыз.
Бақ электрбұйымын төмендегі
жағдайларда өшіріп, айырғышын
электр розеткадан шығарыңыз:
– бақ құралын бақылаусыз
қалдырғаныңызда әрқашан
– орауышты ауыстыру алдынан
– кабелі шырмалып қалғанда
– тазалау алдында немесе
триммер құралында өзгерту не
жөндеу жұмыстары
өткізілгенде
Жұмысты аяқтағаннан кейін
айырғышты шығарып алып, бақ
электрбұйымында бұзылып
зақымданған жерлерінің бар не
жоқ болуын тексеріңіз.
F 016 L81 433 | (3.1.17)
Бақ электрқұралын қауіпсіз,
құрғақ және балалардың қолы
жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Бақ электрбұйымы үстіне басқа
заттарды қоймаңыз.
Бұзылған немесе әбден тозып
кеткен бөлшектерді қауіпсіздік
себептерінен ауыстыру қажет.
Ауыстырылатын бөлшектерінің
Бош фирмасының бұйымдары
болғанына назар аударыңыз.
Керекті бөлшектерінің барлығы
құрастырылып
орнатылмағанда бақ
электрбұйымын ешқашан іске
қоспаңыз.
Электр қауіпсіздігі
Жіпті қолмен тартып өткізу үшін
түймешікті басу алдынан бақ
электрбұйымын өшіріп,
айырын розеткадан шығарып
алыңыз (9 суретін қараңыз).
Бұл түймешікті тек қана жіп
шырмалып қалған жағдайда
қолдану керек.
Назарыңызда болсын! Жөндеу
немесе тазалау жұмыстарын
өткізу алдында бақ
электрбұйымын өшіріп, электр
тоқ айырын розеткадан
шығарып алыңыз. Электр тоққа
қосу кабелінің зақымданып,
кесіліп немесе оралып
қалғанында да жоғарыдағыдай
әрекеттеніңіз.
Шөп кесу триммері
өшірілгеннен кейін кесу жібі
тағы бірнеше секунд бойы
әріғарай айнала беріп тұрады.
Bosch Power Tools