Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Samsung DeX экранын басқару
Мобильді құрылғымен басқару
Мобильді құрылғы экранын тачпад ретінде пайдаланыңыз.
• Тачпадты тек Samsung DeX режимін пайдалану кезінде пайдалана аласыз.
• Егер мобильді құрылғы корпусының алдыңғы тысы болса, мобильді құрылғыны
тачпад ретінде пайдалану үшін алдыңғы тысын ашыңыз. Егер алдыңғы тысы
жабылса, тачпад дұрыс істемеуі мүмкін.
Экранды басқару
• Түрту: қолданбаны іске қосу немесе түймені таңдау.
• Екі саусақпен түрту: қосымша опцияларды көрсету.
• Екі саусақпен жанап өту: экранды кез келген бағытта айналдыру.
• Екі саусақпен кеңейту немесе қысу: үлкейту немесе кішірейту.
• Түртіп тұру: экраннан элементті таңдау.
• Сүйреу: элементті жылжыту немесе мәтін таңдау.
Қазақ тілі
10
10