3.7
Қайта қосылу блокираторы
Қосқыш/ажыратқыш блокталған жағдайда, мүмкін үзілістен кейін электр қамтуы қайта қалпына
келтірілгенде аспап өздігінен қосылмайды. Бұғаттаудан шығару үшін, қосқыш/ажыратқышты жіберіп,
қайта басу керек.
3.8
Аспаптың термоқорғанысы
Қозғалтқыштың термоқорғаныс жүйесі электр энергиясының тұтынуын және қозғалтқыштың қызуын
басқарады және аспапты қызып кетуден қорғайды.
Басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан тыс жүктеме түскенде, қуат айтарлықтай
төмендейді, осының нәтижесінде аспап тоқтап қалуы мүмкін. Аспаптың тұрып қалуына жол бермеу
керек. Аспаптың рұқсат етілген артық жүктемесі белгіленген өлшем болмай, мотор температурасына
байланысты болады.
3.9
Keyless
Өнім табақ пішінді тегістеу шеңберін құралсыз жинауға және бөлшектеуге мүмкіндік беретін Keyless
жүйесімен жабдықталған.
4
Техникалық сипаттамалар
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және/немесе номиналды тұтынылатын қуат туралы
ақпарат елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат аспаптың фирмалық
тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек.
Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын
қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек.
Салмағы
Номиналды айналу жиілігі
Жылдамдық (реттеледі)
Диск диаметрі
Кесу қалыңдығы
4.1
EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
Дыбыс күшінің деңгейі (L
Дыбыс күшінің деңгейі бойынша дәлсіздік (K
Эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі (L
Дәлсіздік, дыбыс қысымының деңгейі (K
*2204296*
Printed: 23.07.2019 | Doc-Nr: PUB / 5504888 / 000 / 00
)
WA
)
WA
)
pA
)
pA
2204296
DGH 130
2,54 кг
12000 А/мин
3000 А/мин ... 8700 А/мин
130 мм
4 мм
96,3 дБ(А)
3 дБ(А)
85,3 дБ(А)
3 дБ(А)
Қазақ
255