Төмендегі сақтық шаралары көңіліңіздің толықтығы мен қауіпсіздігіңіз үшін
берілген:
• Қолданбас бұрын жаңа өнімді міндетті түрде жуыңыз.
• Осы кітапшада берілген әзірлеу нұсқауларын қолданыңыз.
• Өнімді үнемі негізінесу құйып қолданыңыз. Кері жағдайда өнім қайтымсыз
бүлдірілуі мүмкін. Tupperware сапа кепілдігі.
• Микротолқынды пеште әзірлегенде және дастарханға тартарда өнімді әрқашан
құрап қолданыңыз.
• Шағын толқынды пеште әзірлеу кезінде ұяны немесе ыдыс негізін ешқашан
бөлек қалдырып кетпіңіз.
• Шоколад ерітіліп жатқанда ұяны негізден алмаңыз, өйткені су әлі ыстық.
• Өнімді тиісті түрде қолдану үшін әрдайым микротолқынды пеш өндірушісінің нұсқау
кітапшасын қараңыз.
• Tupperware Micro Deli Dip 0°C – 120°C температура аралығында қолдануға қауіпсіз.
Мұздатқышқа салмаңыз және 120°C асырмаңыз. Шоколад өте тез әрекеттесуіне
байланысты, оның жанып кетуіне жол бермеу үшін осы кітапшада көрсетілген
уақыт пен қуат деңгейлерін сақтаңыз.
• Шоколадты микротолқынды пеште еріткен кезде өнімнің бетін ешқашан жаппаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі әзірлеуден кейін ыстық болады. Микротолқынды пештен
аларда қолғап киіңіз.
• Micro Deli Dip өнімін микротолқынды пешке салардың алдында шоколадқа түсті
дәмдеуіштер, крем, сары май немесе кез келген басқа май қоспаңыз.
• Дақ түсуі өнімнің жұмысына әсер етпейді және ол Tupperware кепілдігінде
қамтылмайды.
• Micro Deli Dip өнімін қолданып болғаннан кейін ұяның үстіңгі жағында орналасқан
екі құлақшасын бір мезгілде тұтқадан астынан жоғары қарай тартып, ұяны негізден
алыңыз. (В сур.)
• Шоколад тілімдері қалып, сіз оны қайта жылытып, еріткіңіз келген жағдайда ұяны
негізден алып, белгіге жеткенше су толтырыңыз. Ұяны негізбен қайта түйістіріп,
микротолқынды пеште ең жоғарғы мөлшері 650 В қауттылығында 2 минут әзірлеңіз
• Шоколад қалдығы қалған жағдайда оны Silicone Spatula Thin өнімін қолданып алып
тастаңыз.
• Әрбір қолданудан кейін шоколадты оңай кетіру үшін өнімді бірден жылы сумен
жуыңыз. Қатты тағам иісінен немесе дақтардан қорғауға көмектесу үшін әрдайым
контейнерді қолданған соң бірден салқын сумен шайыңыз. Барлық бөліктерді ыдыс
жуғыш машинада жууға болады.
• Бұжыр немесе өткір құралдарды пайдаланбаңыз.
• Micro Deli Dip өнімі тек микротолқынды пеште қолдануға арналған; оны ас үй
плитасында, пеште немесе гриль астында қолданбаңыз.
• Micro Deli Dip өнімі шоколадты фондю әзірлеуге ғана арналған.
Tupperware сапа кепілдігі
Tupperware Micro Deli Dip өнімі барлық Tupperware өнімдеріне сияқты қандай да
бір материал не өндіру ақауы, әсіресе өнімді нұсқауларға сай және қалыпты үй
қолданысында пайдаланғанда ақауы орын алса Tupperware компаниясы өндірген
кез келген өнімнің ауыстырылуын қамтамасыз ететін бірдей Сапа Кепілдігі беріледі.
www.tupperwarebrands.com мекенжайы