Мазмұны
1. Қауіпсіздік шаралары . .................................................................................................................................................1
2-бөлімді және келесі бөлімдерді веб-сайттан қараңыз.
Plasma Quad Connect туралы ақпарат
● Кейбір бөлме кондиционерлерін Plasma Quad Connect-ке қосуға болмайды.
Іске тіркеу алдында бөлме кондиционерін пайдалануға болатынына көз жеткізіңіз.
1. Қауіпсіздік шаралары
● Бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық қауіпсіздік
нұсқауларын оқып шығыңыз.
● Бұл нұсқаулықта қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
қамтылған.
Нұсқауларды орындаңыз.
[Орнатуға арналған сақтық шаралар]
(Дұрыс қолданбау ауыр жарақатты немесе өлімді қоса, ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.)
■ Түпкілікті пайдаланушы Plasma Quad Connect-
ті орнатпауы тиіс, оны тек кәсіпқой маман
орнатылы тиіс.
Дұрыс орнатпаған жағдайда, Plasma Quad Connect
құрылғысы құлап кетсе, өрт шығуы, ток соғуы немесе
зақым келуі/су ағып кетуі мүмкін. Құрылғыны сатып
алған дилермен немесе кәсіпқой орнатушымен
байланысып, кеңес алыңыз.
■ Plasma Quad Connect құрылғысы бірге берілген
орнату бойынша нұсқаулықтарға сәйкес мықтап
орнатылуы керек.
Дұрыс орнатпаған жағдайда, Plasma Quad Connect
құрылғысы құлап кетсе, өрт, ток соғуы немесе зақым
орын алуы мүмкін.
■ Құрылғыны оның салмағын көтере алатын жерде
ғана орнатқан жөн.
Құрылғыны көтере алмайтын жерде орнатқан кезде,
Plasma Quad Connect құрылғысы құлап, зақымдауы
мүмкін.
■ Орнату жұмысын сыртқы күш пен жүктеме
сым жүйесі арқылы клеммалы қосылысқа
берілмейтіндей етіп орындау керек.
Дұрыс емес жалғау және монтаждау бұзылуға,
жылудың пайда болуына, түтіннің шығуына немесе
өртке әкелуі мүмкін.
■ Қақпағын Plasma Quad Connect құрылғысына
мықтап тіркеңіз.
Егер Plasma Quad Connect құрылғысы мықтап
тіркелмеген болса, шаң немесе су кіріп кетіп, өрт не
ток соғуға алып келуі мүмкін.
1, 2-бет
● Plasma Quad Connect құрылғысын орнатқаннан
кейін, пайдаланушыға орнату бойынша нұсқаулықты
беріңіз. Пайдаланушыларға оны бөлмедегі
кондиционер нұсқаулығымен және кепілдемемен
бірге қауіпсіз жерде сақтауға нұсқау беріңіз.
Ескерту
■ Plasma Quad Connect құрылғысы тиісті
номиналдағы қуат көзіне қосылуы тиіс.
Номиналды мәннен артық кернеуге қосу
зақымдалуына немесе өртке әкеп соқтыруы мүмкін.
■ Mitsubishi құрамдастары немесе басқа да арнайы
құрамдастар орнату үшін пайдаланылуы керек.
Дұрыс құрамдас пайдаланылмаса, Plasma Quad
Connect құрылғысы құлап кетсе, өрт шығуы, ток
соғуы немесе зақым/су ағып кету орын алуы мүмкін.
■ Электр жұмыстары білікті электр инженері және/
немесе рұқсаты бар қызметкерлер тарапынан
жергілікті ережелер мен орнату нұсқаулығында
көрсетілген нұсқауларға сәйкес орындалуы
керек.
Схеманың жеткіліксіз сыйымдылығы немесе дұрыс
орнатылмауы ток соғуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
■ Егер қауіпсіздікке жауапты тұлғаның
бақылауында болмаса немесе одан құрылғыны
пайдалануға қатысты нұсқау алмаған болса,
бұл құрылғы физикалық, сезу немесе ақыл-ой
мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз тұлғалар (балаларды қоса)
тарапынан пайдаланылуға арналмаған.
■ Бұл құрылғы электр сымдары жүйесінің ұлттық
қағидаларына сәйкес орнатылуы тиіс.
■ Егер қуат сымы зақымдалса, қауіптің алдын
алу мақсатында оны өндіруші, оның қызмет
көрсету агенті немесе біліктілігі бірдей қызметкер
ауыстыруы керек.
kk
KK-1