Шамадан тыс жүктелген жағдайда не
болады
Егер батарея жинағы шамадан тыс жүктелсе (2000 мА
тогынан асатын құрылғылар), ол автоматты түрде өшеді.
Егер бұл жағдай орын алса, мына әрекеттерді орындаңыз:
•
Барлық кабельдерді суырып тастаңыз.
•
Егер шамадан тыс жүктелу екі құрылғыны бір уақытта
жалғаудан орын алса, онда тек бір құрылғыны жалғаңыз.
•
Зарядтау үдерісін бастау үшін түймешікті басыңыз.
•
Егер шамадан тыс жүктелу бір құрылғы арқылы орын
алса, бұл құрылғының батарея жинағымен зарядтал-
майтынын немесе кабельдің ақаулы екенін білдіреді.
Ескерім: Егер зарядтау үдерісі осы жерде
сипатталғандай қайта басталмаса, батарея жинағын
айнымалы ток адаптеріне немесе компьютерге аз
уақытқа жалғаңыз («Батарея жинағын зарядтау»
бөлімін қараңыз). Одан кейін, «Батарея жинағын
зарядтау» нұсқауларын қайтадан орындаңыз.
Батарея жинағының өнімділігін жақсарту
•
Өнімді алғаш рет пайдалану алдында оны зарядтаңыз.
Бекітілген батарея бірнеше рет зарядталып,
разрядталғаннан кейін ғана толық қуатына жетеді.
•
Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
оны қуат көзіне немесе басқа USB қуат көзіне жалғаулы
қалдырмаңыз.
•
Өнімді толық разрядталған күйде ұзақ уақыт бойы
сақтауға болмайды. Сақтау орнына қойылған батарея
жинағының қалған қуаты шамамен 50–75 % (заряд
деңгейінің индикаторында екі немесе үш шаммен
көрсетіледі) болуы тиіс.
•
Өнімді 90 күннен кешіктірмей қайта зарядтаңыз.
KK
109