Қағаз орамын орнату
1.
Қақпақты ашу үшін түймені басыңыз. E суретін қараңыз.
2.
Пайдаланылған қағаз орамының өзегін алып, қағаз орамын салыңыз. F
суретін қараңыз.
3.
Қағаздың дұрыс бағыты G суретінде көрсетілген.
4.
H суретінде көрсетілгендей біраз қағазды тартып шығарыңыз. I суретінде
көрсетілгендей қақпақты жабыңыз және қағазды жыртыңыз.
Ақаулықтарды жою
Басқару тақтасында шамдар жанбайды
Қуат көзі кабелінің қосылымдарын және розетканы тексеріңіз.
Басып шығарусыз ERROR (ҚАТЕ) ЖШД қосулы (жыпылықтамайды)
Егер PAPER OUT (ҚАҒАЗ БІТТІ) қосулы болса, қағаз орамы орнатылмаған немесе
бітуге жақын.
Егер PAPER OUT (ҚАҒАЗ БІТТІ) өшірулі болса, принтер қақпағы дұрыс
жабылмаған.
Басып шығарусыз (және қағаз кептелісінсіз) ERROR (ҚАТЕ) ЖШД
жыпылықтайды
Басып шығару басы қызып кеткен кезде тоқтайды және суыған кезде автоматты
түрде жалғасады.
Егер қызып кету себеп болмаса, принтерді өшіріңіз және 10 секундтан кейін қайта
қосыңыз.
Кептелген қағазды алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жылу басын ұстамаңыз, себебі басып шығарғаннан кейін ол өте ыстық болуы
мүмкін.
1.
Принтерді өшіріңіз және қақпақты ашу түймесін басыңыз.
2.
Кептелген қағазды алыңыз, орамды қайта орнатыңыз және қақпақты
жабыңыз.
3.
Егер кескіште қағаз тұрып қалса және принтер қақпағын аша алмасаңыз,
кескіш қақпағын J суретінде көрсетілгендей ашыңыз.
4.
Тұтқаны саңылауда үшбұрышты көргенше бұрыңыз. Бұл кескіш жүзін
қалыпты күйге қайтарады. Сізге көмектесу үшін кескіш жанында жапсырма
бар. K суретін қараңыз.
5.
Кескіш қақпағын жабыңыз.
6.
Принтер қақпағын ашыңыз және кептелген қағазды алып тастаңыз.
Термо басып шығару басын тазалау
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Басып шығарғаннан кейін термо басып шығару басы өте ыстық болуы мүмкін. Оны
ұстамаңыз және тазалау алдында оны суытыңыз. Жылу басын қолыңызбен немесе
қатты затпен ұстап, оны зақымдап алмаңыз.
Принтерді өшіріңіз, принтер қақпағын ашыңыз және термо басып шығару
басының жылу элементтерін алкоголь ерітіндісіне (этанол немесе изопропил
спирті) малынған мақта дәкесімен тазалаңыз.
Epson материалдарды басып шығару сапасын сақтау үшін темо басып шығару
басын кезеңді түрде (әдетте 3 ай сайын) тазалауды ұсынады.
TM-T88IV Пайдаланушы нұсқаулығы 53