Негізгі мүмкіндіктері
1. Индикатор шамы
3. Дыбыс пернесі
5. Ойнату/кідірту пернесі
7. Алға өту пернесі
Жарық диодты шам дисплейі
Жұптасу режимі
Батарея қуаты төмен
Жұптасқан
Күту режимі
Қосу:
Қосу үшін бірнеше функциялы пернені екі секундтай басып, ұстап тұрыңыз. Құлаққап дыбыс
шығарады жəне жасыл индикатор шамы қысқа уақытқа жанады.
Өшіру:
Өшіру үшін бірнеше функциялы пернені үш секундтай басып, ұстап тұрыңыз. Құлаққап дыбыс
шығарады жəне қызыл индикатор шамы қысқа уақытқа жанады. Егер құлаққап 10 минут ішінде
құрылғыға жалғанбаса, ол автоматты түрде өшеді.
Жұптастыру:
1. Егер құлаққап осыған дейін құрылғымен жұптастырылмаған болса, онда құлаққапты қосып,
жұптастырыңыз, одан кейін бірнеше функциялы пернені шамамен төрт секунд бойы басып,
ұстап тұрыңыз. Көк түсті индикатор жылдам жыпылықтай бастаған кезде, құлаққап
жұптастыру режиміне енеді.
2. Телефондағы немесе əуен ойнатқыштағы Bluetooth мүмкіндігін іске қосыңыз жəне оны
Bluetooth құрылғыларын іздеу режиміне қойыңыз.
3. Телефонда немесе əуен ойнатқышта табылған құрылғылар тізімінің ішінен «HS-980BT»
дегенді таңдаңыз.
4. Егер құрылғы кодты енгізуді қажет етсе, құлаққапты құрылғымен жұптастыру жəне жалғау
үшін 0000 құпиясөзін енгізіңіз.
Қоңыраулар
Қоңырау соғу үшін ұялы телефонға құлаққап жалғанған кезде оны қалыпты түрде
пайдаланыңыз. Ең соңғы соғылған нөмірді қайта теру үшін (құлаққап жалғанған кезде телефон
осы мүмкіндіктерге қолдау көрсетсе), егер ешқандай қоңырау соғылып жатпаса, бірнеше
функциялы пернені қысқа уақытқа басыңыз. Қоңырауға жауап беру немесе аяқтау үшін бірнеше
функциялы пернені қысқа уақытқа басыңыз немесе телефон пернесін пайдаланыңыз.
Қоңырауды қабылдағыңыз келмесе, бірнеше функциялы пернені шамамен екі секунд бойы
басыңыз.
Əуен
Əуенді тыңдау үшін құлаққапты A2DP Bluetooth профайлына қолдау көрсететін үйлесімді əуен
ойнатқышына жалғаңыз. Өлеңді ойнату үшін оны əуен ойнатқышы ішінен таңдап, Play/pause
(Ойнату/кідірту) пернесін басыңыз. Ойнатуды тоқтату үшін ойнатылып жатқан кезде Play/pause
(Ойнату/кідірту) пернесін басыңыз. Дыбыс деңгейін реттеу үшін дыбысты көтеру немесе азайту
пернесін басыңыз. Сөйлесіп немесе əуен тыңдап жатқан кезде дыбысты өшіру үшін перненің
кез-келгенін қысқа уақытқа басып, ұстап тұрыңыз. Ойнату барысында келесі өлеңді таңдау үшін
алға жүру пернесін бір рет басыңыз. Алдыңғы өлеңді таңдау үшін кері жүру пернесін бір рет
басыңыз. Ағымдағы өлеңді жүгірте қарау үшін перненің кез-келгенін басып, ұстап тұрыңыз.
Параметрді кетіру жəне бастапқы қалпына келтіру
Құлаққаптан жұптастыру параметрін кетіру үшін мульти функционалды пернені жəне дыбысты
азайту пернесін жасыл, қызыл жəне көк түсті индикатор шамдары үш рет ауысқанша сегіз
секунд бойы басып, ұстап тұрыңыз. Құлаққапты бастапқы қалпына келтіру үшін құлаққапты
зарядтау құрылғысына жалғаңыз жəне мульти функционалды перне мен дыбысты көбейту
пернесі екеуін бірге басыңыз.
Зарядтау
Зауыттан жөнелтілуден бұрын, құлаққап толық зарядталады. Құлаққапты зарядтау үшін
зарядтау кабелін USB портқа жалғаңыз, одан кейін зарядтау кабелін зарядтау құрылғысының
жалғағышына жалғаңыз. Зарядтау барысында қызыл түсті индикатор жанады. Батарея толық
зарядталған кезде, жасыл түсті индикатор жанады. Зарядтауға шамамен бір сағаттай уақыт
кетеді.
2. Зарядтау құралын
жалғағыш
4. Кері айналдыру пернесі
6. Бірнеше функциялы перне
8. Микрофон
Көк жарық диодты шам жылдам жыпылықтайды
Қызыл жарық диодты шам баяу жыпылықтайды
Көк жарық диодты шам баяу жыпылықтайды
Жасыл жарық диодты шам баяу жыпылықтайды
20
ҚАЗАҚША