Жұмысты бастау
Батарея топтамасын зарядтау
Батарея топтамасын бірінші рет пайдалану алдында немесе батарея топтамасы ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе
батарея топтамасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
1
Батарея топтамасын зарядтағышқа жалғаңыз.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау батарея топтамасын қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
• Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға
болады.
• Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану, токтың
ең төмен жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп
соқтыруы мүмкін.
• Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны
толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
• Зарядтау кезінде, батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
және батарея топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі
тиіс. Егер батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы
мүмкін.
• Нақты сыйымдығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша
өлшенеді. Ол, шығыс қуатының шарттарына, жалғанған құрылғы тізбектерінің
конфигурациясына және пайдалану шарттарына байланысты, құрылғыда
көрсетілген сыйымдықтан (Вт·сағ) ерекшеленуі мүмкін.
• Батарея топтамасы дұрыс зарядталмай жатса, батарея топтамасы мен
зарядтағышты Samsung сервис орталығына апарыңыз.
Қазақ тілі
4
4