Қауіпсіздік ережелері
Нұсқаулықпен зейін қойып танысыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау
қауіпті, ал кейбір жағдайларда – заңсыз. Анағұрлым толық ақпаратты Сіз осы
Пайдаланушы нұсқаулығынан аласыз.
Электр тоғының соғуын, тұтануды немесе жарылуды
болдырмау
Түпнұсқалық батареялар мен қуаттандыру құрылғыларын ғана
пайдаланыңыз.
Құрылғыға дымқыл қолыңызды тигізбеңіз.
Жарылу қаупі бар жерлерге (жанармай құю станциялары, жеңіл
тұтанатын заттар құйылған сыйымдықтар қоймаланған жерлер)
жақындаған кезде телефонды сөндіріңіз.
Желілік кабелі зақымдалған немесе ажыратқыштары ақаулы
қуаттандыру құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
Желілік кабельдің майысуына және қысылып қалуына жол бермеңіз.
Ағып кету, ісіну немесе майысу іздері бар батареяларды пайдалануға
тыйым салынады.
Батарея мен қуаттандыру құрылғысын оттан және тікелей күн
сәулелерінің түсуінен қорғаңыз.
Құрылғы мен керек-жарақтарды жылытқыштардың және көп мөлшерде
жылу шығаратын басқа аспаптардың жанында орналастырмаңыз.