Өнім Және Қуат Сипаттамасы; Мақсаты Бойынша Қолдану; Көрсетілген Құрамды Бөлшектер - Bosch GGS 8 SH Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GGS 8 SH Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
Денеңізді электр құрал қайтарымда жылжитын
u
аймақта орналастырмаңыз. Қайтарым құралды
қысылу кезінде дөңгелек айналуына қарсы бағытта
апарады.
Бұрыштарды, өткір жиектерді және т.б. өңдеген
u
кезде айрықша сақ болыңыз. Керек-жарақтың
секіруіне және ілініп қалуына жол бермеңіз.
Бұрыштар, өткір жиектер немесе секіру айналып
тұрған керек-жарақтың ілініп қалуына апарып,
бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін.
Ара шынжырын, ағаш кескіш жүзді, шеткі бос
u
аралығы 10 мм-ден ұзын болатын сегменттік
алмасты дөңгелекті немесе тісті ара жүзін
бекітпеңіз. Мұндай жүздер·жиі кері соққыны
тудырып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға·әкеледі.
Майдалау әрекеттеріне ортақ қауіпсіздік ескертулері:
Тек электр құралыңыз үшін көрсетілген дөңгелек
u
түрлерін және таңдалған дөңгелек үшін
жобаланған қорғағышты пайдаланыңыз. Бұл электр
құралына жарамайтын дөңгелектер дұрыс қорғалмай,
қауіпті болады.
Ортада қысылған дөңгелектің майдалайтын беті
u
қорғағыштың астында орнатылуы керек. Дұрыс
орнатылмаған қорғағыш, деңгейден шығып тұрған
дөңгелек жақсы қорғалуы керек емес.
Дөңгелектерді тек ұсынылған пайдалану түрлеріне
u
сай қолдануы керек. Мысал: кесуші дөңгелек
шетімен майдаламаңыз. Кесуші·дөңгелектер
материалды шетімен кесуге
арналған,·Дөңгелектерге·әсер ететін бүйірлік күштер
ықпалынан олар сынуы мүмкін.
Таңдалған дөңгелек үшін әрдайым дұрыс
u
өлшемдегі және пішіндегі зақымдалмаған
фланецтерді пйдаланыңыз. Дұрыс·таңдалған
ернемектер тегістеу дөңгелегінің тірегі болады және
оның·сыну қаупінің алдын·алады. Кесуші
дөңгелектердің фланецтері майдалау дөңгелегі
фланецтерінен басқа болуы мүмкін.
Үлкенірек электр құралдарының тозған
u
дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкенірек электр
құралына арналған дөңгелек кішірек құралдың
жоғарырақ жылдамдығы үшін жарамсыз болып,
жарылуы мүмкін.
Қос мақсатты дөңгелектерді пайдаланған кезде
u
әрдайым орындалып жатқан әрекет үшін дұрыс
қорғағышты пайдаланыңыз. Дұрыс қорғағыш
пайдаланылмаған жағдайда, қажетті қорғаныс деңгейі
қамтамасыз етілмей, ауыр жарақат алу қаупі туындауы
мүмкін.
Сым қылшақпен тазалау әрекеттеріне арналған
қауіпсіздік ескертулері:
Қылшықтың қарапайым әрекет етуі кезінде де
u
қылшықтардың шашырайтындығын ескеріңіз.
Қылшықты қатты басып, сымға күш түсірмеңіз.
Сым қылшықтары жұқа киімге және/немесе теріге
кіріп кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Егер сым қылшақпен тазалау үшін қорғағышты
u
пайдалану белгіленген болса, сым дөңгелектің
немесе қылшақтың қорғағышпен жанасуына жол
бермеңіз. Сым дөңгелектің немесе қылшақтың
диаметрі жұмыс жүктемесіне немесе центрифугалық
күштерге байланысты ұлғаюы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті кийіңіз.
Электр құралын жұмыс барысында екі
қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта
тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді
түрде басқарылады.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
u
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне
орнатыңыз. Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
Суымаған ажарлау дискілеріне тимеңіз. Шеңберлер
u
жұмыс кезінде қызады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
u
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы корундтық ажарлағыш дөңгелектермен
металды ажарлауға және тазартуға арналған.
Электр құралы тостаған тәрізді қылшақтармен жұмыс
істеу үшін де жарамды.
Электр құралы дискілік қылшақтармен жұмыс істеу үшін
жарамды емес.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Қысқыш гайка
(2) Бекіткіш бұрандасы бар ашық қорғаныш қаптама
Қазақ | 133
1 609 92A 7AM | (24.05.2022)

Publicidad

Capítulos

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido